ДСМ коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2 тамыздағы ақпаратты жариялады.

2 тамыздағы мәлімет бойынша, 101 702 адам коронавирус инфекциясынан (–98 951 + және 2 751 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 28 541 пациент стационарда, 73 161 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: • 1 676 адамның жағдайы ауыр, • 402 пациенттің жағдайы өте ауыр, • 196 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

31 шілдеде коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 87 жағдайы және 16 өлім жағдайы тіркелді.

Оған қоса 106 адам емделіп шықты. 2020 жылдың 13 наурызынан бастап ауырғандар – 61255, 3740 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 54764-ке жетті.

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ:  Шекара шебінде мешіт салынып жатыр

 

Пікір жазу