Қажылардың қауіпсіздігіне кім жауапты екендігі туралы, қажылыққа қатысты баспасөз брифингінде, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти Наурызбай Өтпенов жауап берді.

«Отандастарымыздың қауіпсіздігіне, құрамында 12 мүшесі бар қажылық миссиясы жауап береді. Бұдан бөлек, 18 қажылық фирмасының жеке штабтары жауапты. Сондай-ақ, Сауд Арабиясы корольдігімен қауіпсіздік мәселесіне қатысты келісімдер бар», – деді наиб муфти.

Айта кетейік, биыл елімізден 3200 адам қажылыққа барады.