Қазақстан Республикасы Дiн iстерi агенттiгi туралы
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2011 жылғы 18 мамырдағы N 84 Жарлығы
“Егемен Қазақстан” 2011 жылғы 21 мамырдағы № 211-214 (26612); “Казахстанская правда” от 21.05.2011 г., № 163-164 (26584-26585); Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., N 39, 471-құжат
Қазақстан Республикасы Президентi
мен Үкiметi актiлерiнiң жинағында
және республикалық баспасөзде
жариялануға тиiс
Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 3) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
1. Қазақстан Республикасы Дiн iстерi агенттiгiн (бұдан әрi – Агенттiк) бөлiп шығару жолымен, оған конфессияаралық келiсiм, азаматтардың дiни сенiм бостандығына құқықтарын қамтамасыз ету және дiни бiрлестiктермен өзара iс-қимыл саласындағы функциялар мен өкiлеттiктердi бере отырып, Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлiгi қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Республикасының Үкiметi:
1) Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлiгiнiң Дiни iстер комитетiн таратсын;
2) Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлiгiнiң таратылатын Дiни iстер комитетiнiң штат санын Агенттiкке берудi қамтамасыз етсiн;
3) осы Жарлықты iске асыру жөнiндегi өзге де қажеттi шараларды қабылдасын.
3. Агенттiк Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлiгiнiң таратылатын Дiни iстер комитетiнiң мiндеттемелерi бойынша құқық мирасқоры болып белгiленсiн.
4. «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құрылымы туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1999 жылғы 22 қаңтардағы № 6 Жарлығына мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
1-тармағы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасы Дiн iстерi агенттiгi».
5. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне жүктелсiн.
6. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Президентi Н. НАЗАРБАЕВ