Қазақстанда коронавирус инфекциясынан көз жұмған адамдарды жерлеу ережесі өзгертілді. Бұл туралы ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлім етті.

«Көз жұмған адамдарды жерлеу тәртібі маңызды болып қалып отыр. Қазіргі тәртіпке өзгерістер енгізілді: қайтыс болған адамды санитарлық-эпидемиологиялық және гигиеналық нормаларды сақтай отырып, кез келген зиратқа жерлеуге болады», – деді Алексей Цой.

Айта кетсек, кейінгі деректерге қарағанда Қазақстанда коронавирустан 188 адам қайтыс болған.

Пікір жазу