Негізінен, зәру жағдайлар болмаса, жолға жалғыз шықпаған да жөн. Өйткені, адам баласының басына қандай да бір қиындықтар туып жатса, оған жанашырлықпен қарап көмек беретін пенде керек болады. Сонымен қатар, адам жалғыз болған кезде оның ойына әртүрлі нәрселер келіп жататыны да белгілі. Әсілі, адам баласы көп жағдайларда алыс сапарларға жалғыз шықса, кейде нәпсісінің құлы болып, теріс амалдарға баруға бейім болып жатады.
Енді осы жағдайларға қатысты бірнеше хадистерді мысалға келтірейін. Ибн Омар (р.а) Алла Елшісінің (с.ғ.с.): «Егер адамдар жалғыз жолда жүру туралы менің білетінімді білсе еді, онда бірде-бір аттылы түнделетіп жалғыз сапарға шықпас еді» деп, бұйырғанын жеткізеді.
Амр бин Шуъайб өз әкесінің атасына Мұхаммед пайғамбардың (с.ғ.с.): «Бір аттылы – шайтан, екі аттылы – екі шайтан, ал үш аттылы болса, олар керуен» деп бұйырғанын жеткізген. Абу Саъид және Абу Хурайрадан (р.а) жеткен хадистерге сәйкес, Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.): «Егер үш адам сапарға шықса, онда араларынан бірін басшы етіп тағайындасын» деп бұйырады.
Осы жоғарыда көрсетілген хадистер адамдардың сапарға мүмкіндігінше көп кісі болып шығуының артықшылығын және араларынанбіреуін (үлкенін) басшы етіп тағайындап, оған бағынуы қажет екенін көрсетеді.