Осыған байланысты Антитеррорлық орталықтың бастамасымен ҚР Білім және ғылым министрлігі жанынан террористік қақтығыс аймақтарынан келген балаларды оңалтуға бағытталған шаралар дайындау бойынша ведомствоаралық жұмыс тобын құрылды.

«Қазіргі уақытта елге 63 бала қайтарылды, тағы 50 баланы жеткізу жоспарланған. Сирия-Ирак территорияларында Қазақстаннан 390 бала бар, оның ішінде 16 жасқа толмаған 214 ұл және 176 қыз бар. Бұл – өте үлкен көрсеткіш. Сөзсіз, бізге балаларды оңалту бағытында ауқымды жұмыс жүргізу керек. Бірақ, бүгінгі күнде бұл көрсеткіштер, сандар нақты деп те айта алмаймыз. Ол балалардың барлығы Сирия әскері, коалиция, әскери күштер, іс-қимылдар жүріп жатқан территорияларда. Олардың қаншасы тірі екенін де білмейміз» дейді ҰҚК төраға орынбасары Нұрғали Білісбеков сенат отырысында.

Оның айтуынша, Сириядағы бомбалау аймақтарында Қазақстан азаматтары бар екені туралы ақпараттар да жоқ емес. «Біз бұл ақпаратты қайта тексергіміз келеді. Алайда, ол жақта не консулдық қызмет жоқ, Сирия билігінің өзі қарулы қақтығыс аймақтарына бақылау жүргізе алмайды, дегенмен, тиісті жұмыстарды жүргізуге күш саламыз» деп атап кетті Білісбеков.

Пікір жазу