– Уа, Алланың елшісі! Қиямет қашан болады? – деп сұрайды. Пайғамбар (с.ғ.с.):
– Сен Қиямет күні үшін не әзірледің? – деп оның сұрағына сұрақпен жауап береді. Тосыннан өзіне сұрақ қойылған бәдауи сасқалақтап:
– Мен ол күн үшін көп намаз бен көп ораза әзірлей алмадым. Бірақ, мен Алла мен Оның елшісін жақсы көремін. Оларды жақын дос тұтамын – деп ақталады.
Сонда пайғамбар (с.ғ.с.) күлімдеп:
– Адам өзінің сүйгенімен (нәрсесімен) бірге болады», – деп жауап беріпті. (Бұһари, Мүслим)
Олай болса, біз де Алла тағаланы және Оның пайғамбарын (с.ғ.с.) сүйіп, құрмет тұтайық. Алла тағала бізді қиямет күнінде Өзінің көлеңкесіне алсын. Бізге өзіміз сүйген адамдармен, отбасымызбен, ата-анамызбен және жақындарымызбен бірге болуды нәсіп етсін!
Жалғас Садуахасұлы