«ХХ ғасырдағы Қазақстандағы дін» атты форум өтті

    0
    4

     

    Облыс әкімінің орынбасары Бекболат Орынбеков сөз сөйлеп, форумды ашып берді. Шараны Жамбыл облысы әкімдігі Дін істері басқармасының бастығы Жангелді Омаров жүргізді.

    Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Ақпараттық жұмыс басқармасының басшысы Гүлмира Бекетайқызы Қазақстандағы діни конфессиялардың қазіргі жағдайы туралы баяндады. Сонымен қатар, ғалым Әбдісаттар қажы Дербісәлі «Тараздан шыққан дін ғұламалары» тақырыбында баяндама жасап, Тараз өңірінен Тарази, Баласағұни, Құлани, Меркилер секілді біраз ғалымдардың шыққандығы мен еңбектерін тілге тиек етті.

    ҚМДБ-ның наиб мүфтиі Бауыржан Есмахан жаназа рәсімдерін қазіргі кезде бірзділікке түсіру жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтып, баршамыздың бірінші міндетіміз дін бірлігін сақтап, діни алауыздықтан қашық жүру екенін атап өтті.

    Пікір жазу