– Ей, Әли, осы сен өзгелер ойын-сауық құрып жүргенде арнайы уақытыңды қиып күн сайын намаз оқып жүресің. Біз тапқан табысымызды өз қажеттіліктерімізге жаратамыз, ал сен табысыңды өзгеге бересің. Біз күннің ыстығында ас пен су ішіп қарнымыз тойып жүргенде, сен ораза ұстап өзіңді дайын тұрған астан тежеп жүресің. Егер сен айтып жүрген Құдай мен қиямет күні ертең өлгеннен кейін болмай қалса, осы істегендеріңнің барлығы дерлік зая кетеді емес пе? – дейді. Сонда хазреті Әли әлгі иудейге:
– Мені тыңда, егер мен ойын-сауық құрмай уақытымды бөліп намаз оқысам, ешкімнен уақытым тарылып қалған жоқ. Тапқан табысымды өз қалтамнан жырып мұқтаж адамға берсем, мен өзгеге жақсылық жасап жатырмын әрі менің сендерден дүнием кеміп қалған емес. Күннің аптап ыстығында ораза ұстасам, аз ішіп-жегеннен менің денсаулығым түзеледі. Осының барлығын мен тек Алла ризалығы үшін, рухани тазару мен денсаулығым үшін істеймін әрі осыларды орындау арқылы мен бұл өмірде қатардан қалып қойғаным жоқ. Енді осыдан кейін, сен ойлағандай, Құдай мен қиямет күні болмай қалса да мен ештеңе жоғалтпаймын. Ал, сен ше? Ешбір жақсылық амалың жоқ, ойын-сауық іздеп тайраңдап жүрсің, ішкен-жегенің өзіңнен артылмайды, ертең өлгеннен кейін, арғы жақта Құдай бар болып қалса сенің халың не болмақ? – деп хазретті Әли иудейдің ауызып жапқан екен.
Жалғас АСХАТҰЛЫ,
дінтанушы