Кентау: Кәсіпкер жерлестеріне 18 тонна көкөніс үлестірді

    485

    Түркістан облысының Кентау қаласында кәсіпкер жерлестеріне көмек көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Өңірлік коммуникациялар қызметі.

    Кентау қаласының тумасы, кәсіпкер, Ордабасы ауданындағы «Аделя» шаруа қожалығының төрағасы жерлестеріне қияр және қызанақ жөнелтіп, қолдау көрсетті. Осындай қиын сәтте жерлестеріне демеу болған Абдиашим Закирұлының 18 тонна тартуы мұқтаж кентаулық 5 500 тұрғынға үлестірілуде. Оның 4 650-і мүгедектер мен жалғыз басты жандарға, 750-і атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасыларға таратылуда.

    Кәсіпкер алдағы уақытта да қайырымдылық шарасын ұйымдастыруды жоспарлап отыр.

    Пікір жазу