Кағбул-Ахбар айтады: «Сүлеймен (а.с.) өзінің патшалығы тұсында мешітке кіргенде бір кедейді көрсе, соның жанына отырып: «Кедей кедеймен бірге отырады» дейтін еді».

Риуаят етілуінше, Иса (а.с.) пайғамбар үшін «Әй, кедей!» дегеннен сүйкімді ешбір сөз болмаған екен.

Кағбул-Ахбар айтады: «Құранда «Әй, иман келтіргендер» деген үндеу Тәуратта «Әй, кедейлер» деп келген».

Убада ибн Самит (р.а.): «Тозақтың жеті есігі бар. Оның үшеуі – байлар үшін. Үшеуі – әйелдер үшін. Біреуі – кедей-кепшіктер үшін» дейді.

Фудайл ибн Ияз: «Маған жеткен риуаят бойынша, пайғамбарлардың бірі: «Уа, Раббым! Сенің маған разы болып-болмағаныңды қайдан біле аламын?» депті. Сонда Алла Тағала: «Кедейлер саған разы ма, соған қара!» деген екен».

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ:  «Құдайдың билігіне разы болар едім»

Дайындаған – Тұрар ТҮГЕЛҰЛЫ

Пікір жазу