13 ақпан. KAZISLAM – 2003 жылдан бастап Біріккен Араб Әмірліктерінде қатерлі науқас балалардың тілектерін орындауға көмектесетін халықаралық қайырымдылық қоры – Make-A-Wish қоры жұмыс істейді. Өткен жексенбіде қор құрылғаннан бері балалардың 4000-ші тілегін орындағаны белгілі болды. Бұл жолы қант диабетінің ауыр түрімен ауыратын 15 жастағы эмираттық қыз Равданың арманы орындалды. Жас мұсылман қыздың тілегі Африкада мешіт салу еді. Бұл туралы Islam,ru жариялайды.

Қыздың өтініші бойынша, Уганда Республикасында 500-ден астам ер адам мен әйел сыятын мұсылман ғибадатханасы салынды. Равда Біріккен Араб Әмірліктерінің негізін қалаушысы және тұңғыш президенті шейх Заид ибн Сұлтан әл-Нахаянның есімімен мешіттің аталуын қалаған.

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ:  Тыйым салынған жолмен «емдеген» әйел ұсталды

БАӘ-дегі «Make-A-Wish» қорының бас директоры Хани әл-Зубаиди 4000 жылдық мерейтойдың гуманитарлық актпен сәйкес келгенін мақтанышпен айтты. Равданың әкесі де қорға ризашылығын білдірді.

Пікір жазу