«Нұр-Мүбарак» университетінің оқытушы-профессорлар құрамы жылдан-жылға біліктілігін арттыра түсуде. Университеттің Сапа менеджмент жүйесі бөлімі университет ПОҚ индекативті жоспарлары бойынша жыл сайын өткізетін рейтингі соған дәлел. Биыл да төрт кафедраның қазақстандық құрамы тарапынан 67 оқытушы-профессор еңбектерін сарапқа салды.

Оқытушының индикативтік жоспары және орындалуы, оқу және ғылыми-әдістемелік жұмыстар, біліктілікті арттыру, тәрбие жұмыстары бойынша біліктіліктерін саралап, ең үздік 10 оқытушы анықтады. Ал алғашқы үштікке университет басшылығы ақшалай сыйақы табыс етті.

1-орын: Алау Әділбаев PhD, қауымд.профессор  – 985 балл;

2-орын: Жалғас Сандыбаев, филос.ғ.к., – 965 балл;

3-орын: Гүлдархан Рысбаева, филол.ғ.д., профессор м.а. – 885 балл.

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ:  Есім қоярда естісін таңда

Барлық ТОП-10 құрамына арнайы сертификат, Алғыс хаттар табысталуымен қатар университеттің өзге де үздік қызметкерлеріне Алғыс хат беріліп,  ризашылықтарын жариялады. Ректор, профессор Мухаммад Аш-Шаххат алдағы 2021 жылы ұжымның білімі мен білігі һәм бірлігі артатынына сенім білдірді.

«Нұр-Мүбарак» университетінің баспасөз қызметі

Пікір жазу