Қазақстандық кітаптар Абу-Даби Халықаралық кітап көрмесінде көрсетілді

    0
    74

    Көрменің ашылуында Біріккен Араб Әмірліктері Сыртқы істер министрі Шейх Абдулла бен Зайед әл-Нахайан биылғы жылдың құрметті қонағы — Польша елінің стендін салтанатты түрде ашты. Польша делегаттары құрамында авторлар, зиялы қауым өкілдері және суретшілер, музыканттар, аспаздар болды. Олар поляк әдебиетінің алтын классикасы мен Нобель сыйлығы лауреаттарының шығармаларын, сондай-ақ қазіргі заманғы шығармалар, әдеби шығармалар арқылы поляк мәдениетін, дәстүрін, өткен кезеңін және қазіргі динамикалық дамуын араб халқына жан-жақтылы таныстырды. Кәсіби бағдарлама кезінде поляк кітаптар нарығы мен аударма, авторлық құқықтарды басқару сөз болды. Балаларға арналған іс-шараларға поляк әртістері мен ұстаздары өнер көрсетті, аспазшылар ұлттық тағамдарының тарихын түсіндірді.

    Пікір жазу