Қазақстан дінтанушыларының V форумы өтті (ФОТО)

    0
    2

    Айтулы шараның дін саласындағы мемлекеттік органдардың қызметін талдамалық-сарапшылық сүйемелдеу, діни экстремизм мен терроризмді алдын алудың жаңа инновациялық әдістерін әзірлеу, елдегі дінтанулық білім беру сапасын арттыру бойынша жұмысты жетілдіруге бағытталған мемлекеттік саясаттың басым мақсаттарын іске асыру бойынша алдағы жұмысты анықтау мақсатында кезекті рет ұйымдастырылып отыр.

    Вице-министр Марат Әзілханов форумның ашылу салтанатында басқосудың маңыздылығына мән берді. «Баршаңызға белгілі, Ел Президенті Н.Назарбаев «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында мемлекеттің зайырлы сипатын біздің еліміздің табысты дамуының маңызды шарты ретінде анықтаған болатын. «Мәңгілік Ел» Ұлттық идеясында да зайырлы қоғам мен жоғары руханият басты құндылықтардың бірі ретінде  белгіленген. Біздің күш-жігеріміз Мемлекет басшысының жоғарыда айтылған нұсқауларын іске асыру шеңберінде  зайырлылық пен руханият синтезі, қоғамдық сананы қалыптастырудың жаңа жолдарын іздестірумәселелерін қарастыруға бағытталуы тиіс» деген вице-министр форум аясында атқарылған бірқатар шараларды баяндады.

    Бұл ретте Дінтанушылар форумы іске қосылған жылдар ішінде отандық зияткерлік және рухани әлеуетті біріктіруші, дін саласындағы күрделі мәселелерді ортақ шешімін шығаруғы пәрменді диалогқа айналған атап айтуға болады. Аталмыш форум аясында отандық дінтанушы ғалымдар мен теологтардан құралған Қазақстан дінтанушылар конгресі құрылса, осының аясында әзірленген діни экстремизм мен терроризмнің таралуының  алдын алуға және оған қарсы іс-қимылға бағытталған ұсыныстар Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013 — 2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына енді. Форум қатысушыларының ұсыныстары негізінде ел азаматтардың діни және құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында өңірлерде құрылған ақпараттық-түсіндіру топтары да жүйелі жұмыс жүргізіп келеді. «Атап айтар болсақ, бүгінде республика көлемінде 415 ақпараттық-түсіндіру топтары қарқынды қызмет атқарып отыр. Бұл топта дінтанушы мамандармен қатар жергілікті атқарушы және құқық қорғау органы, үкіметтік емес ұйым өкілдері бар. Бұған қоса, мемлекеттік қолдауымен дін саласындағы тұрақтылықты насихаттау мақсатында құрылған «E-Islam» интернет-порталының және «Қауырт желі – 114» жобасы да жемісті жұмыс істеуде. Бірлесіп жұмыс атқарып келе жатқан кезең ішінде біз ғылыми және сарапшылар қауымдастығы мен мемлекеттік органдар өкілдерінің дін саласындағы мемлекеттік саясатты пәрменді іске асыру жөніндегі сындарлы сұхбаты мен ынтымақтастығына қол жеткізе алдық» деп, вице-министр бесінші Форум еліміздің алдағы уақытта да табысты дамуына үлес қосып, жаңа идеяларға бастамашы болатынына сенім білдірді.  

    Аталмыш форум  жұмысы пленарлық отырыстан басталып, «Дін саласындағы мемлекеттік саясаттың өзекті мәселелері: проблемалары мен перспективалары»,  «Қазіргі қазақстандық қоғамдағы рухани дәстүрлердің сабақтастығы»,  «Білім беру ұйымдарында дінтануды оқытудың ерекшеліктері: проблемалары мен шешу жолдары» атты секциялық отырыстармен жалғасын тапты.

    Дінтанушы ғалымдар мен теологтардың, жалпы білім беру мекемелерінің дінтану пәні мұғалімдері, «Дінтану» мамандығының студенттері мен магистранттары, діни бірлестіктердің, қоғамдық ұйымдар мен БАҚ өкілдерінің басын қосқан форумда еліміздің жалпы білім беру мекемелерінде «Дінтану негіздері» факультативті курсының үздік мұғалімдері құрмет грамоталары және алғыс хаттарымен марапатталды.


    Пікір жазу