Сейсенбі, 26 Қыркүйек, 2023
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Қазақ ырымының астарындағы асыл хадис

05.02.2018
- Қоғам
0
1.7k
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Сонымен қатар біздің көптеген ырымдарымыз да шариғаттан, сүннеттен бастау алады. Оған көптеген мысалдар келтіруге болады. Мысалы, түнде ыдыстың бетін ашық қалдырмау, түнде терезелердің перделерін жауып қою, ағын суға дәрет сындырмау, күн батарда ұйықтамау, түнде тырнақ алмау және т.б.

Соның бір дәлелі – отырғанда тізені құшақтауға салынған тыйым. Бізде үлкен кісілер отырған кезде тізені құшақтап отыруға рұқсат бермей жатады. Тіпті, “қу тізесін құшақтап қалғыр” деген қарғыс сөз де бар. Бұл қарғыстың астары “өмірде жалғыз қалғыр”, “ұрпақсыз өткір” деген жаман мағынаны береді. Алайда, күнделікті тіршілікте де үлкен аталарымыз бен әжелеріміз балаларына тізені құшақтап отыруға рұқсат бермейді. Бағамдап қарайтын болсақ, осы ырымның не тыйымның астары Мұхаммед пайғамбардың (с.ғ.с.) хадисінде жатыр екен.

Имам әт-Тирмизи өзінің “Сунән әт-Тирмизи” атты кітабының “Жұма” тарауында “Имам құтпа оқып тұрғанда тізесін құшақтап отыру – макруһ” атты арнайы бап арнаған. Осы бапта бұл мәселеге қатысты Мұхаммед пайғамбардан (Аллаһтың оған салауаты мен сәлемі болсын) жеткен бір хадисті келтірген. Онда “Муғаз ибн Әнәс әл-Жуһәниден (Аллаһ оған разы болсын), Пайғамбар (Аллаһтың оған салауаты мен сәлемі болсын) жұма күні имам құтпа оқып тұрғанда тізені құшақтауға тыйым салған” деп келген. Имам әт-Тирмизи: “Бұл – хасан хадис”, – деп ол хадистің шынайылық дәрежесі жоғары екендігін ескеткен.

Ғалымдар бұл хадисті төмендегіше түсіндірген. Яғни, аяқтарын ішіне жақындатып, қолымен не киімімен тізесін құшақтап отыру – макруһ. Себебі, адам бұлайша отырған кезде оны ұйқы қысады әрі дәретін бұзып алуы мүмкін. Бірақ көптеген ғалымдар аяқты құшақтап отыруды макруһ деп санамаған. Себебі, сахабалардың Бәйт әл-Мақдисті (Иерусалим) алғаннан кейін Мағауиямен бірге мешітте жиналғанда осылай отырғандығы риуаят етілген (Әбу Дауд). Бірақ, имам Әбу Дауд риуаят еткен бұл хадистің сәнәдына қатысты сын-пікірлер бар. Оның үстіне имам әт-Тирмизи өзі риуаят еткен хадистің хасан екендігін айтқан. Имам әл-Мубаракфури: “Бұл бапта келген хадистердің барлығы дағиф болғанымен, олар бірін-бірі қуаттайды. Тізені құшақтап отыру ұйқы шақыратындығы күмәнсіз. Сондықтан, жұма күні құтпа кезінде одан сақтанған жақсы. Бұл – менің пікірім. Ақиқатын Алла Тағала біледі”, – деген.

Мұхаммад пайғамбардың (с.ғ.с.) жұма күні құтпа кезінде салған тыйымын қазақ халқы өзінің күнделікті өмірінде де ұстануға тырысқан. Жоғарыда келген хадистегі тыйым мен қазақ ырымындағы тыйымның үндестігін анық байқауға болады.

Рашид МУХИТДИНОВ,

дінтанушы 

Конституциядан орыс тілі мәртебесінің алынып тасталуын қолдайсыз ба?

Қазақстан халқы тілдері күніне «Тіл мәртебесі – ел мәртебесі» атты іс-шара өтті

25.09.2023
Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі

Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі

20.09.2023
Тегтер: дәстүрҚазақҚұрансүннеттыйымхадисырым
Бөлісу40Твитерге25Бөлісу5Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Жаңа хадис жинақтары жарық көрді
Жаңалықтар

Жаңа хадис жинақтары жарық көрді

12.09.2023
Солақай адамға оң қолмен тамақ жеу міндетті ме?
Сұрақ-жауап

Солақай адамға оң қолмен тамақ жеу міндетті ме?

23.08.2023
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Имам Ағзам ар тазалығына қалай қараған?

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Көп қаралғаны

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    1542 рет бөліскен
    Бөлісу 617 Твитерге 386
  • «Хикмет» cөзінің мағынасы қандай?

    824 рет бөліскен
    Бөлісу 330 Твитерге 206
  • Дұрыс дұға жасау әдебі

    4977 рет бөліскен
    Бөлісу 1989 Твитерге 1243
  • Исламның 5 парызы – Ибраһимнің (а.с.) 5 қазынасы

    7523 рет бөліскен
    Бөлісу 3009 Твитерге 1881
  • Духа намазы қалай оқылады?

    2174 рет бөліскен
    Бөлісу 869 Твитерге 543

Соңғы жарияланымдар

Шымкент: Діни сауат ашу үшін «Имандылық үйірмесі» ашылды

26.09.2023
0
Шымкент: Діни сауат ашу үшін  «Имандылық үйірмесі» ашылды

Толығырақ оқу

Қажылар туралы хикаялар – 10

26.09.2023
0

Толығырақ оқу

Отан артық па, Мекке артық па?

26.09.2023
0

Толығырақ оқу
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

 

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2022 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Бастапқы бет
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Сауалнама
    • Кітапхана
  • Жоба туралы
  • ҚАЗ
    • ҚАЗ
    • РУС

© 2022 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіге кіріңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы аты немесе электрондық пошта мекенжайын енгізіңіз.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00