Катар Газа секторында тұңғыш мүгедектерге арналған оңалту клиникасын ашты, деп хабарлайды Ansar.ru.

Жаңа аурухана директоры Рафат Любад соңғы жылда 130-дан аса палестиналық оқтан жарақат алып, зардап шегеді. Газада қарулы қақтығыстар салдарынан мүгедектер саны күрт көбейген. Емхана Катардың бұрынғы әмірі Хамадтың есімі берілген.

Медициналық орталықта 100 орындық жабдықтармен қамтылған. Онда қол-аяғынан айырылған адамдарға барлық қажетті медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік бар. Сондай-ақ орталықта есту және қозғалу қабілеті нашар балалардың ем алуына жағдай жасалған.

Катар Газада осындай медициналық орталық салуды 2012 жылы ұсынған. Катар әмірі Хамад ас-ани Газаға инфрақұрылымды тұрғызуға 400 млн доллар бөлуге уәде еткен. Алайда медициналық орталық құрылысы салынып біткенімен Газаның емхананың операциялық шығындары мен дәрігерлер еңбекақысын төлеуге қаражаты болмады. Енді Катар бұл шығындарды өз міндеттеріне алып отыр.