– Шөптің түсі сары, – десе, қасқыр:
– Шөптің түсі жасыл, – депті.
Осылай екеуі біраз уақыт дауласады. Содан әркім өз ұстанымын алға тартып, шөптің нақты түсін анықтау үшін орман патшасы Арыстанға қазы болуды сұрайды. Арыстан қазы болуға келіседі де, екеуінің де көзқарастарын тыңдайды. Сол арада әңгіме шешімін таппай ұзақ дауға айналады.
Кейін Арыстан шешім шығару үшін біршама уақытта кетеді. Қайтып келген Арыстан қасқырды бір ай қамауға, ал, есекті өз жайына жіберу керек деген үкім шығарады. Мұндай үкімге таңырқаған қасқыр Арыстанға:
– Құрметті қазы мырза, шөптің түсі жасыл емес пе? – дейді.
Арыстан:
– Әрине, жасыл.
Қасқыр:
– Онда неге мен үшін мұндай үкім шығардыңыз.
Сонда Арыстан:
– Сенің бұл мәселеде қателеспегенің рас. Бірақ, сен қасқыр бола тұра есекпен орынсыз дауласып, талас-тартыс ұйымдастырғаның үшін мен сені қамау керек деп шешім шығардым. Осылайша, мен өзгелерге сабақ болу үшін алдағы уақытта әркім өз теңдесімен талас-тартысқа түсу керектігін негізге алдым, – депті.
Жалғас АСХАТҰЛЫ