Қасиетті жасыл күмбезді кім салған?

    0
    4

    Күмбезді алғаш болып жасыл түске бояған және оның формасын ерекше етіп салған мәмлүктердің 19-шы патшасы Мысыр мен Шам жерінде басшылық еткен Қайтбай Әбу Наср ибн Абдулла болатын.

    Қайтбай Әбу Наср өз билігінде ислами құнды жәдігерлерді сақтауға аса қызығатын еді. Оның бастамасымен Мысыр мен Шам өлкелерінде көптеген көне мешіттердің қабырғасы қайта қаланып жаңа жөндеуден өткен десті. Соның ішінде ардақты пайғамбар (с.ғ.с.) мешіті де бірнеше рет жөндеуден өтіп, Қайтбай Әбу Насрдың бұйрығымен жасыл түсті күмбез бой көтерген еді.

    Бұдан кейін қасиетті күмбез Осман империясының тұсында Махмұд екінші патшаның әмірімен қайта жөндеуден өтіп, сол заманның атақты инженерлері Халим Паша мен Ибрахим Пашаның қолынан күмбез Әл-Сауд ұрпақтарына өтпей тұрып ою өрнекпен, арабтың көркем жазуларымен сәнделіп қайта әсемделген болатын.

    Жалғас АСХАТҰЛЫ,

    дінтанушы

    Пікір жазу