Қайтыс болған кісінің бетінен сүюге ислам дінінде рұқсат етілген. Бұған дәлел Айша анамыздан (р.а.) жеткен хадис болып табылады. Хадисте: «Әбу Бәкір (р.а.) кіріп, шапанмен жабылған Пайғамбарымызды (с.ғ.с.) көрді. Жүзін ашып, еңкейіп, бетінен сүйді»деп айтылған.Тағы бір хадисте Айша (р.а.) анамыз: «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) қайтыс болған соң Әбу Бәкір (р.а.) келіп бетінен сүйді» деген. (Китабул-жанайыз)

Ендеше, қайтыс болған адамның үстін жауып, бетінен сүю – рұқсат етілген іс. 

Пікір жазу