Жаңалықтар

Жұмада өткен жарыс

«Әзірет Сұлтан» мешітінде мерейлі мереке қарсаңында сауат ашу курстарында білім алып жүрген шәкірттер арасында Құран сайысы өтті. Елбасымыз айшықты мешіттің ашылу шарасында айтып өткеніндей, бүгінде «Әзірет Сұлтан» мешіті жүздеген жанның жүректерін Құранмен сусындатып, үлкен рухани орталыққа айналып үлгерді. Осы жылдың ішінде мешіт жанынан ашылған курстарда 218 ер және 106 әйел адам дәріс алуда.

Бүгінгі білім бәйгесі жыл бойы жиған білімнің жемісін көрсету іспетті. Сайыстың іріктеу кезеңінен 37 шәкірттің 8-і ақтық сынға өтті. Жұма намазынан кейін, үздіктер өзара сайысқа түсті. Тәжуид қағидалары мен тілдік грамматикасына баса назар аударған қазылар алқасы 1-орын жүлдегеріне 50 мың, ІІ және ІІІ орын иегерлеріне 40 және 30 теңге қаржылай сыйақы тарту етті. Сайыста сынға түскен өзге де қатысушыларға  арнайы дипломдармен марапатталды.

 

 
 
 
 
Толығырақ

Басқа жаңалықтар

Close