Жексенбі, 29 Қаңтар, 2023
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Құран қалай жинақталған?

08.02.2020
- Сұрақ-жауап
0
844
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Ең әуелі, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) қасында уахиды жазушы «хатшылар» болды. сахабаларының арасында Али ибн Абу Талиб, Муауия ибн Абу Суфян, Убай ибн Кааб, Зайд бин Сабит т.б. сынды арнайы уахи жазатын хатшылары болған. Аят түскен кезде олар Алла Елшісінің (с.ғ.с) бұйыруымен тері, құрма тақтайы, мысыр папирусы, тас, кірпіштердің беттері сияқты нәрселерге жазып отырды.

Құран Кәрім пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) дәуірінде таңдаулы сахабалардың тарапынан көкіректерде жатталып, жазылғанымен барлығы бірдей жинақталып, кітап (мусхаф) болып шықпаған. Пайғамбар (с.ғ.с) дүниеден озғаннан кейін мұсылмандардың әміршісі болып Хазіреті Әбу Бәкір (р.а) тағайындалды. Бұл дәуірінде атышулы Ямама көтерілісінде жетпіс Құранды жатқа алған қари сарбаздар шейіт болды.

Тірі жетпіс құраннан айрылу көкірегі ояу, көзі ашық Хазіреті Омарды қатты толғандырады да, ол кісі Халифаға барып, Құран Кәрімді жинақтау турасында бір бұйрық шығаруын өтінеді. Әуелде Хазіреті Әбу Бәкір; «Пайғамбар (с.ғ.с) істемеген нәрсені мен қалай істеймін», – деп, құп көрмегенімен, кейіннен бұл істің орынды мәселе екендігіне көз жеткізіп, бұл ұсынысты қабыл алады.

Сонымен, бұл істі атқару үшін Пайғамбардың (с.ғ.с) тұсында уахи жазатын хатшысы Зайд бин Сәбитті алдырады. Осы уақиға жайында Зайдтің (р.а) өзі былай дейді: «Ямама көтерілісінен кейін Хазіреті Әбу Бәкір мені жанына шақыртты. Барғанымда Хазіреті Омар оның қасында екен. Сонда халифа Әбу Бәкір маған былай деді:

«Омар Ямама көтерілісінде бірнеше қаридан көз жаздық. Бұдан басқа соғыстарда да осылай қарилардан айырыла берсек, бұл жағдай құранның жойылуына апарып соғатынынан қорқамын» – деп, маған Құранды жинақтауды ұсынды.

Мен оған «Аллаһтың елшісі (с.ғ.с) жасамаған нәрсені мен қалай жасаймын» дедім. Омар ант етіп, мұның қайырлы іс екенін айтты. Және осылай жасайық деп тұрып алды. Соңында Алла Тағала көкірегімді ашты, мен де Омардың пікірін мақұлдадым. Сен жассың әрі ақылдысың. Ешкім сенен күмәнданбайды да. Оның үстіне сен Пайғамбардың (с.а.у.) хатшысы болдың. Әр аяттың соңына түсіп, құранды жинақта.

Сонда Зайд «Маған тауды тасуымды бұйырса, ол, Құранды жинақтаудан әлде қайда жеңіл болар еді» – деді. Екеуіне «Аллаһтың елшісі (с.а.у.) жасамаған нәрсені сендер қалай жасайсыңдар?» – дедім.

Қайыршылықтың емі бар ма?

Қайыршылықтың емі бар ма?

27.01.2023
Исламда трайбализм бар ма?

Исламда трайбализм бар ма?

26.01.2023

Халифа Әбу Бәкір «Аллаһтың атымен ант етемін, бұл бір қайырлы іс» – деді. Кейін Аллаһ Тағала Әбу Бәкір мен Омардың көкейлеріне қондырған нәрсені менің көкейіме де салды.

Сөйтіп екеуінің пікірлерін құп көріп, адамдардың жадындағы және құрма тақтайларына, терілерге, тастарға жазылған құран аяттарын іздеп, жинақтай бастадым. «Тәубе» сүресінің ақырғы аятын Әбу Хузаймадан таптым».

Бұл өте қиын әрі үлкен жауапкершілікті талап ететін тапсырма болғандықтан Зайд халифадан Хазіреті Омардың өзіне жәрдемдесуін сұрады.

Зайдтің өзі Құранды бастан аяқ жатқа білген. Және өзі сияқты бірнеше қари болған. Соған қарамастан сүре-аят әкелген кісіден Пайғамбардан (с.ғ.с) жазғаны турасында екі куәгері болмаса қабыл етпейтін. Өйткені халифаның қойған талабы сондай. Бірінші жазулы болу керек, екінші Пайғамбардан (с.ғ.с) жазғаны турасында екі куәгер куәлік ету керек.

Берілген тапсырмаға аса мұқияттылық танытып, бытыраңқы күйдегі сүрелер мен аяттарды ендігі жерде белгілі бір тәртіппен, кітап түрінде шығарған уахи хатшысы Зайд бин Сабит мусхафты Хазіреті Әбу Бәкірге тәслім етті. Хазіреті Әбу Бәкір дүниеден озған соң мусхаф Хазіреті Омардың қолына өтті. Ол да дүниеден өткеннен кейін қызы Хафсада қалды.

Балғабек Мырзаев

Тегтер: Балғабек Мырзаев
Бөлісу20Твитерге13Бөлісу3Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Мемлекет және дін

Діни контентті жариялауда сақтық керек

12.07.2022
Сұхбат

Балғабек МЫРЗАЕВ: Зайырлылықты күшейту – дінді әлсірету деген сөз емес

25.03.2022
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Ерте тұрғанның берекесі артық

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Көп қаралғаны

  • Ұстаған оразам ақыретте маған шапағатшы бола ала ма?

    Ережеп айы және ораза

    1004 рет бөліскен
    Бөлісу 402 Твитерге 251
  • Ережеп айы және Миғраж түні

    587 рет бөліскен
    Бөлісу 235 Твитерге 147
  • Ережеп айы туралы хадистер

    147 рет бөліскен
    Бөлісу 59 Твитерге 37
  • Исламның 5 парызы – Ибраһимнің (а.с.) 5 қазынасы

    4401 рет бөліскен
    Бөлісу 1760 Твитерге 1100

Соңғы жарияланымдар

Палудан екінші Құранды өртеді

29.01.2023
0
Палудан екінші Құранды өртеді

Толығырақ оқу

Асырап алған балаларды неліктен кері қайтарып жатады

27.01.2023
0

Толығырақ оқу

Қайыршылықтың емі бар ма?

27.01.2023
0
Қайыршылықтың емі бар ма?

Толығырақ оқу
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

 

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2022 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Бастапқы бет
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Сауалнама
    • Кітапхана
  • Жоба туралы
  • ҚАЗ
    • ҚАЗ
    • РУС

© 2022 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіге кіріңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы аты немесе электрондық пошта мекенжайын енгізіңіз.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00