Күні кеше елордамызда болған өрт оқиғасы тұтас елдің қабырғасын қайыстырғаны ақиқат. «Тас түскен жеріне ауыр» демекші, құлпырған гүлдей бес қызынан қапыда көз жазып қалған ата-анаға сабыр тілеп, жұбатқаннан басқа қолдан келер шара жоқ. Дәуіт Пайғамбардың отыз ұлын бір-ақ сәтте өзіне қайтарған Алла Тағала кейін зар жылап қалған ата-анаға әлемді билеген патша Сүлеймендей Пайғамбарды нәсіп қылмап па еді?

…Ойласаң денең түршігетін үлкен қайғыны бастан кешіп отқан ата-анаға бақилық болған балаларының артының қайырын берсін деп көңіл айтамыз.

Ал, қайғылыға жақ болып, аз да болса көмегімді тигізем деген жандар болса, бес балақайды дүниеге әкелген Жанымкүл Аманкелдіқызының төменде көрсетілген жеке шотына қаржы аударуына болады.