Жалғас Сандыбаев

Сандыбаев Жалғас Садуахасұлы — 1974 жылы Қызылорда облысы, Шиелі ауданында дүниеге келген. Дінтанушы, философия ғылымдарының кандидаты.

Kazislam.kz ақпараттық-ағартушылық порталының сарапшысы.

Білімі:

2001 жылы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық академиясын «Араб тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша үздік тәмамдаған.

2005 жылы Әл-Фараби атындағы ҚҰУ-ның магистратурасын дінтану мамандығын бойынша бітірген.

2007-2010 жылдары ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының аспирантурасын бітіріп, философия ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алды.

2013 халықаралық «Болашақ» бағдарламасының түлегі.

Еңбек жолы:

2001-2003 Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық академиясында «Араб тілі мен әдебиеті» пәні бойынша оқытушы.

2003-2006 ҚР БҒМ Философия және саясаттану институтының ғылыми қызметкері.

2007-2009 Алматы қаласы Тілдерді дамыту басқармасының тілдерді дамыту және істерді үйлестіру бөлімінде бас маман.

2010-2017 ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының доценті.

2016-2017 «KazIslam.kz» ақпараттық-танымдық порталының бас редакторы.

2017-2018 Түркия мемлекеті. Кастамону қаласы, Кастамону мемлекеттік университеті, Теология факультетінің доценті.

Жалғас Садуахасұлы қырықтан астам мақалалар мен аударма еңбектері, бірнеше монографиялар мен оқу-әдістемелік құралының авторы.

Араб тілінен қазақ тілінде жарық көрген еңбектердің бір қатары:

Ибн Рушдтің және  Әбу Хамид Ғазалидің ғылыми «Жан тарбиесі», «Бала тарбиесі», «Аллаға махаббат», «Көркем мінез» сияқты трактаттарының үзінділері аударылып, оларға ғылыми сараптама жасалған.

Сонымен қатар «Таңдамалы сахих хадистер» 1, 2 томдар, «Пайғамбардың көркем мінезі», «Ораза» сияқты т.б.

Ортағасыр мұсылман ойшылдарының араб тіліндегі трактаттары әл-Фараби (Музыка туралы үлкен кітап, Кіші силлогизм, Азаматтық саясат, бақытқа жету жайында және т.б.). Сондай-ақ. мемлекеттік «Мәдени мұра» (2004-2011) ғылыми бағдарламасының арнайы жобалары бойынша орындаушысы болған.

Сұрақтарыңызды осы жерге жазуға болады. Қазислам сарапшылары сізге жауап береді

Жалғас Садуақасұлы туралы