Ж.Найзабеков: «Сценарийді мүфтиятпен ақылдасып жазамыз»

    0
    610

    Нұр-Сұлтан. 24 сәуір. KAZISLAM – Көпшіліктің ықыласына бөленіп жүрген «Өнер қырандары» театры әзілдерін ең алдымен ҚМДБ мамандарына тексертеді. Бұл туралы театр актері Жанболат Найзабеков «Хабар» арнасындағы «Ережесіз әңгіме» бағдарламасында тілге тиек етті.

    «Дін мен өнерді ұштастырып жүру қаншалықты қиын?» деген жүргізуші сұрағына актер:

    «Әрине, қиын. Бірақ, ақылдасу арқылы, көптеген кітаптарды ақтарып, мүфтияттың мамандарына хабарласып, сценариді сол кісілермен ақылдаса отырып жазамыз» — деп жауап берді. Кейін лезде қойылған «Қиындатып жіберген жоқсыздар ма?» деген сұраққа Ж.Найзабеков:

    – Дін деген – жеңіл нәрсе, оны ауырлатудың қажеті жоқ. Керісінше, біз рухани-патриоттық кештерді өткізгелі, муфтиятпен тығыз байланыста болып және «Харекет» қайырымдылық қорын ұйымдастырғалы бері жолымыз ашылып, беделіміз өсіп, береріміз көп болып жатқан сияқты, — деп жауап қатты.

    Сондай-ақ, сұхбат барысында Ж.Найзабеков театр бастамасымен құрылған «Харекет» қайырымдылық қоры 1,5 жыл ішінде жағдайы төмен 82 отбасыға үй алып бергенін, жиналған қаражат толықтай халыққа тиесілі екенін де айтып өтті.