Пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын), Әбу Бәкір және Омар (р.а.) үшеуі қарындары аш халде Әбу Һәйсам мен Әбу Аюб әл-Ансаридің (р.а.) үйлеріне тамақ жеу ниетімен барған болатын. Негізінде осындай жағдайда (аш кезде) досына бару мұсылман бауырыңның тамақтандыру сауабына кенелуіне себеп болады. Бұл бұрынғы салих кісілердің әдеті еді.

* * *

Мұхаммед ибн Уасиғ пен серіктері Хасан Басридің үйіне кіріп, тапқан нәрселерін рұқсатсыз жеп жатады. Хасан үйіне кіріп бұл жағдайды көргенде риза болып: «Біз де осылай істеуші едік» дейді.

Дайындаған Тұрар ТҮГЕЛҰЛЫ

Пікір жазу