Сұрақ: Бақташы итім бар еді, оның құйрығын кесіп тастағым келеді. Бұлай жасау дінде рұқсат па?
Жауап: Белгілі бір себеп болмаса, жануардың жанын қинау – харам. Иттің құйрығы – оның бір мүшесі. Сондықтан мүшені кесу оңай емес, иттің жаны қиналады. Оған қоса, Алла хикметпен жаратқан жаратылысты өзгертудің бір мәні де жоқ.
Бақташылық, аңшылық, күзетшілік сияқты орынды, белгілі бір себебі болмаса, итті үйде бағу, ұстау – дінде жөн көрілмеген. Егерде иттің денсаулығына немесе сол сияқты үзірлі бір себепке байланысты қүйрығын кесу керек болып қалған жағдайда оны ауыртпайтын тәсілмен жасау қажет.
Жалғас САДУАХАСҰЛЫ