Иттің сілекейі үстімізге тисе киімді ауыстыру қажет пе?

    0
    2

    Ханафи мәзһабы бойынша иттің сілекейі ауыр нәжіске жатады. Ал ауыр нәжістің шариғат бойынша намазға кедергі келтіретін мөлшері белгіленген. Егер ауыр нәжіс сұйық күйде (арақ, зәр, иттің сілекейі т.б, секілді) көлемі алақанның аясындай мөлшерде болса, ал қатты  болған жағдайда (жыртқыш аңдардың тезектері секілді) бір дирхамға, яғни үш грамға жетсе намаз оқуға кедергі келтіреді. Мұндай көлемге жетпеген жағдайда да намаз оқу үшін, мүмкіншілік болса, иттің сілекейі тиген киімді намаз оқудың алдында ауыстырып, намазға таза киіммен тұру тақуалық тұрғысынан әрі сақтық тұрғысынан алғанда абзалырақ.

    Осы жерде мына мәселені де айта кетейік: ханафи мәхһабы бойынша иттің сілекейі нәжіс саналғанмен, оның жүні нәжіс емес. Сондықтан ит адамның киімін жаламай, тек қана сүйкенсе, онда ол киімді ауыстырудың қажеті жоқ. Сондай-ақ иттің үсті су болып, сілкінгенде суы адамның үстіне шашырайтын болса, бұл су тамшылары да нәжіске жатпайды.

    Алау ӘДІЛБАЕВ,

    теология ғылымының докторы

    Пікір жазу