Исламофобиялық жарнаманы алып тастауды талап етті

    145

    Нигерия ислам істері Жоғарғы кеңесі мемлекеттік телеарналардың бірінде мұсылман жұртшылығын жабайы, қатыгез етіп көрсету мақсатында дайындалған бейнеролик жарнамасына қатысты пікір білдірді.

    Жоғарғы кеңестің бас директоры, профессор Исхақ Олойеде мұндай бейнероик көрсеткен Нигерия үкіметіне қарасты ұлттық арна Ислам дінін нұқсан келтіретінін, сондай-ақ таяуда болатын сайлау жұмыстарына да керіс әсерін тигізетінін айтты.

    Профессор саяси күштердің бұл әрекеті дінаралық қақтығыстарға апарып соғатынын, тыныштықты бұзып, оның салдары ауыр болатынын да ескертті.

    Мұсылмандар ұйымы телеарналарды бақылаушы комиссияға өз міндеттерін дұрыс атқаруды, ислам дініне күйе жағатын мұндай мәнсіз дүниелердің телеарналарға шықпауын қадағалауды талап етті.

    Айта кетейік, Нигерияда өткен сенбіде өткізілуі тиіс болған сайлау кемінде 1,5 айға кейінге шегерілді. Себеп – Боко Харам бұзақылар әскерінің мемлекетке төндіріп отырған қауіпінен сақтану, қоғамдық қауіпсіздік мәселелері болып отыр.

    Пікір жазу