- Балиғат жасы қай жастан басталады?
Ер балаларда 12-15 жас аралығы; Қыз балаларда 9-12 жас аралығы.
- 32 парызды санап бер?
Иманда – 6,
Исламда – 5,
Дәретте – 4,
Бой дәретте – 3
Тәйәммүмде – 2
Намазда – 12 парыз.
- Иман шарттары қандай?
- Алланың бар және бір екеніне;
- Алланың періштелеріне;
- Алланың айғамбарларына;
- Алланың кітаптарына;
- Ақырет күніне;
- Жақсылық пен жамандықтың Алладан екеніне шын жүректен илану.
- Шариғаттағы дәлелдер қайсы?
Құран, сүннет, ижмағ, қияс
- Исламның алғашқы азаншысы?
Біләл әл-Хабаши
- Салауат дегеніміз не?
Алла елшісіне (с.ғ.с.) айтылатын ерекше дұға.
- Миғраж дегеніміз не?
Пайғамбардың (с.ғ.с.) Ұлы Жаратушыға көтерілуі.
- Құранда қанша пайғамбардың есімі аталған?
25
- Мүмин деген кім?
Аллаға, Оның Елшісіне және Ислам дінінің әкелген барлық діни үкімдеріне жан тәнімен иланған, иман еткен кісі.
- Мұнафық деген кім?
Имансыз бола тұра, өтірік мұсылман болып көрінген екі жүзді кісі.