Барлық ғылым өзіне тән құралдары мен мақсаттары арқылы адамның өмірін бірнеше кезеңге бөліп қарайды. Ислам құқығы да күмәнді болған құқықтық және жауапкершілік тұрғысынан адам өмірін бірнеше кезеңге бөліп, физикалық және аһлақи даму кезеңдерін негізге алады. Ислам құқық тәсілінің зерттеу алаңына кіретін «жауапкершілік міндеті» тақырыбының басым көп бөлігі адамның балалық шағына қатысты болғанын байқаймыз. Исламда, адамға құқық және жауапкершілік міндетін жүктейтін құқы – негізгі өз міндетін пайдалану (ужуд) және өз міндетін жүзеге асыра алу (еда) болып екіге бөлінеді.

Бұл құқықтардың ішінде ең маңызды болған элементтердің бірі – жаза міндетін алу құқығы болып табылады. Кәмілет жасқа толған әрбір жасөспірім, қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын, бұл жауапкершіліктің қандай міндеттері болатынын білген абзал. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіндегі «Кәмелетке толмағандардың қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілігі» жөніндегі бөлімдері, Ислам құқығындағы кәмілет жасқа толмағандардың құқықтары және жауапкершіліктерімен тікелей ұштасқан.

Бұл мақаламызда, қазақи ұстанымды негізге алып, мемлекеттік әрі діни заңдылықпен ұштастыра отырып, кәмелетке толмаған балалардың жазасына қатысты жауапкершілігі мен міндеттерінің орындалу тәртібін ұсынамыз.

Ислам, ең алдымен адамның өмір сүру еркіндігін қасиетті деп санай отырып, мүліктік және жеке басына қатысты қорғалуы керектігін айтып өткен. Ислам құқық әдебиеттерінде бас тартылуы мүмкін болмаған «бес һақ» (зарурету һамса) бар. Олар: «Дін», «жан», «ақыл», «ұрпақ» және «мал-мүліктің». Ислам бұл һақтарға қарсы істелген қылмыстардың жазалануы қажетті деп шешкен. Бұл тұрғыдан, қылмыскердің жасына байланысты құралдар өз арасында бірнеше бөлімде қарастырылады. Оның ішінде, балалардың қылмысқа қатысты жауапкершілігінің басталуы және балалық шағының дамуы зерттеліп, тарихи негіздерге тоқталып, қысқаша өрнектер беріліп, Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінде кәмелетке толмаған жасөспірімдерге берілген жазаларға тоқталатын боламыз.

Тақырыпқа қатысты әдебиеттерге қысқаша тоқталар болсақ, балаларға берілген жаза туралы дереккөздер немесе зерттеу жұмыстарына жолықпадық. Сонымен қатар, елімізде, қазақ тіліндегі діни әрі заңмен салыстырмалы зерттелген немесе жазылған бір әдебиет және мақала жоқтың қасы.

Құқықта «кәмелетке» толмаған бала сөзінің ұғымы

Балалық – алғашқы нәрестелік шағынан он сегіз жасына дейінгі уақытты және бұл уақыт ішінде де бірнеше мұқтаждықтар, мүмкіндіктер және әлеуетті де қамтиды [1]. Бала сөзі, әрбір құқық мазмұнында әртүрлі ұғым береді. Қазақстан Республикасы Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы кодексінде «Бала (балалар) – он сегіз жасқа (кәмелетке) толмаған адам»[2], – деп қарастырылған. Ал, Қылмыс істеуші немесе қылмыстың құрбаны болуы тұрғысынан алғанымызда, ҚР қылмыстық кодексінде «Қылмыстық құқық бұзушылық жасаған уақытта он алты жасқа толған, есi дұрыс жеке тұлға қылмыстық жауаптылыққа жатады»[3]. Бұл жеңіл қылмыстар үшін, ал, аса ауыр қылмыстар үшін баланың он төрт жасқа толып, он бес жасқа кіруімен басталады [4]. Бұл қағидаға сүйенер болсақ, 14 жасқа толмаған болса, қылмыстық жауапкершілікте бала деп қарастырылып, жазасы толық берілуден бас тартылады.

14 – 18 жас аралығындағы жеткіншектер, қылмыс жасаған жағдайда, жасалған қылмысына қарай, жаза қарастырылады. Бұл айырмашылықтардың бірнеше себебі бар. Сол қоғамның тарихи тәжірибесі, қоғамдық дамуы, жанұя және балалардың қабілеті, қабылданған заң жүйесінің қойған құралдары, кейбір діни мәселелер және заманымызда болып жатқан кейбір ауытқулар да бұған себеп болуы әбден мүмкін.

Әлемнің көптеген мемлекеттерінде жауапкерсіздіктің шегін екіге бөліп қарастырған: Біріншісі жауапкершілік шағының уақытын дәлме-дәл заңда көрсетуді жөн көрген. Мысалға айтар болсақ, Францияда 18, Швейцария, Италия және Германия 14, Болгарияда 13, Испанияда 16, Дания мен Финляндияда 16 жас болып белгіленіп қойған.

Екіншісі болса, жауапкершілік шағының уақытын сот төрешісінің пікіріне қалдырған. Бұл жүйеде рүшт (18) жасын толтырса да, санасы толықпаған жастарға медициналық анықтамаға сай, шешім шығаруды жөн санаған [5].

Ислам құқығында өмірге келуімен бастап, кәмелетке толуына дейінгі уақыт аралығындағы балалық шақ, бұл уақыт арасындағы адамға да бала деп айтылады [6]. Ислам құқығын заңдастырған Мәжәлла’да балалық шақты келесіздей қарастырған: «Сағиру ғайри мумәййәз (яғни, кіші болса да саудада алданбайтын бала)»[7].

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ:  «Алтын сақа» ұлттық турнирі өтті

Ислам құқығы басқада бірнеше тақырыпта толық жауапкершілікті болу үшін балиғат жасқа толуын, басқаша айтар болсақ, жыныстық мүшелерінің толыққанды жетілуімен тоқталса да, барлық мүшесінің жетілуін және биологиялық тұрғыдан бірдей болмаса да, биологиялық жетілуі тез дамығандарды қабыл етіп, сыртқы келбеттің дамуына қатысты қажеттілік пайда болған. Жыныстық қабілетінің дамуымен бірге Ислам құқығында белгілі бір пікірінің және санасының жетілу дәрежесінің жоғарылығын да қарастырған.[8] Сондықтан да (темиз – толық жасы) және (рушд – ақыл есінің толығуы) жасына қатысты айырмашылық бұны қажет етеді.

Заңдық тұрғысынан алғанда, балалардың жастық шағынан бастап мендігі де пайда болады. Ислам құқығына сай мендік – сау болып туылу шартымен, ана құрсағына түсуімен басталад [9]. Қазақстан Республикасының ата заңында да (мендік) балалардың сау болып туылуымен бастап, өлуімен нәтижеленеді. Бала сау болып туылуымен шарт қосып, анасының құрсағына түскен күннен бастап, бірнеше құқыққа ие бола алады [10]. Міне осы тұста ҚР ата заңы мен Ислам құқығының үйлесімділігі байқалады.

Құран Кәрімде адамның кейбір мүлікті қолдануына тосқауыл болатын балалық шақ – үйлену уақытына кірумен аяқталады. Осы мәселеге қатысты аятта: «Жетімдерді үйлену шағына жеткенше сынаңдар. Сонда, егер олардан ақылының толыққанын (рушд/балиғат) көрсеңдер, дереу олардың малдарын өздеріне беріңдер» [11]. Бұл аяттан байқағанымыздай, мүліктің шығындарды қолдануы үшін балиғат жасын толтыруы мен қатар үйлену шағына келуі де, маңыздылығын көрсетуде.

Ислам құқық доктринасында, ер баланың жетілуі – ұрығы келуі немесе аяғын ауыр қыла білу қабілетінің болуы. Ал, қыздар да болса – етеккірінің (хайыз) немесе аяғы ауыр болу қабілетінің болуын негізге алған. Алайда бұл шара, аймақтарға және жетілу шарттарына қарай өзгергені үшін, балиғат жасына тоқталуды ұйғарған [12]. Бұл қағида Осман патшалығының құқықтық жүйесінде де қолданыста болған, «Балиғат жасы ерлерде 12 жас, қызда 9 жасын толтыру» [13] деп шектеу қойған. 1917 жылы Осман патшалығының Отбасы құқықтық жүйесінде «12 жасын толтырмаған бала мен 9 жасыны толтырмаған қызды ешкім үйлендіре алмайды» [14], – деп ең төменгі жастың шектеуін көрсеткен. Яғни, кәмілет жастың ең жоғарғы жасына қатысты айтылмаған.

Бұл мәселе, замандас ислам ғұламаларының пікірлерінде және басым көпшілік мемлекеттік жүйелерде – қыздар мен еркектерде 15 жасын толтырумен шектелген. Алайда Әбу Ханифа (ө. 150/767) қыздарда 17, балаларда 18 жасын толтырумен жеткіншек болады деген пәтуасын берген. Осман империясының «Осман құқық Айле карарнамесі» Әбу ханифаның пәтуасымен шығарылған [15].

Қазақстан Республикасының. «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексінің 11-бабында, балалар мен қыздардың балиғат жасын 18 жаспен шектеуімен қатар, дәлелді себептер болған жағдайда, екі жастан аспайтын мерзімде төмендетіліп, 16 жасында некелерін қия алады. Бұл неке – некеге тұрушылардың және ата-анасының келісімімен ғана жүзеге асады.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

[1] Франклин, 1993, бет 22.

[2] ҚР Неке Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы кодексі, 1. Бап 8, тармақша.

[3] ҚР Қылмыстык кодекс, 15. бап, 1. тармақша.

[4] ҚР Қылмыстык кодекс, 15. бап, 2. тармақша.

[5] Дөнмезер-Ерман, 1999, б, ІІ, 729.

[6] Әли Хайдар, 1330, б. ІІ, 9; Айдын, 1993, б. VIII, 361.

[7] Мәжалла, 943 баб.

[8] Эрбағи, 1998, б. 4-5.

[9] Эрбағин, 1998, б. 5; Медкур, б. 127-128.

[10] ҚР Қылмыстык кодекс, 6-бөлім. 86.бап,

[11] Ниса cүресі 4/6.

[12] Эрбағин, 1998, б. 6-7; Ибнул Қаййум, 1983, б. 232-233№

[13] Мәжалла, 986. баб.

[14] Османлы Айле карар намесі, 7 бап.

[15] Дагжы, 1996, б. 96; Эрбағин, 1998, б. 6-7; Ибнул Қаййум 1983, б. 232-233; Ушуршани, І, 177-178.

Исатай Бердалиев,

ислам құқық ғылымдарының докторанты

Пікір жазу