Сұрақ: Исламда сахабалардың дәрежесі қандай?

Жауап: Сахабалар таңдаулы жандар болғандықтан, мұсылман адам олар жайында жағымсыз нәрселер айтпайды. Керісінше ислам тарихында орын алған олардың жақсылығы мен артықшылықтарын айтып жүреді. Бұған қоса пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өз үмбетіне бұл жайында ескерту жасаған:

«Менің сахабаларым жайында мүлдем жағымсыз сөздер айтпаңдар! Менен кейін оларға қарсы бір сөз болсын сөйлемеңдер! Себебі оларды жақсы көретін адам, мені жақсы көргендіктен жақсы көреді. Сахабаларыма дұшпан болған адам, маған дұшпан болғандықтан олармен жауласады. Сахабаларымды ренжіткен – мені ренжіткен адам. Ал мені ренжіткен – Алланы ренжіткен адам болып саналады. Алланы ренжіткен адамның Алла Тағала жазасын береді» (Термези 3262).

Сахабаларға қатысты қатты сөз сөйлеуден сақ болау қажет. Пайғамбардың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) төмендегі хадисін естіген кезде адамға еріксіз: «Сахабалардың мәртебесі қаншалықты жоғары десеңші!» деген ой келері анық:

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ:  «Жеті жарғыдағы» ар жазасы туралы айтып берсеңіз?

«Сахабаларды сөкпеңдер! Алланың атымен ант етемін! Араларыңнан бірің Алла разылы үшін Ухуд тауындай Алтын берсеңдер де, олардың берген бір, тіпті жарты уыс садақаларына тең келмейді!» (Бұһари, Мүслим).

Жоғарыда айтылған хадистер сахабалардың құрметін, абыройын көрсетеді. Пайғамбар (с.ғ.с.) оларды сылауға және жақсы көруге шақырған.

Жалғас САДУАХАСҰЛЫ

Пікір жазу