Сөздікте «Құқығы болмаған бір мүлікті немесе атақты алу үшін берілген сыйлық және төленген құн» мағынасында қолданылған «Рушуат (пара)», Ислам фиқһында атағын, қызметін немесе арам пиғылын жүзеге асыра отырып, әділетсіз алынған мүлік пен атаққа айтылған.

Пара берген адамға «Раши», алған адамға «Мурташи» десе, себепкер болған адамға «Раиш» делінеді. Құран Кәрімде «Рушуат» сөзі тікелей айтылмаған. Алайда «Бақара» сүресінің 188-аятында: «Бір-біріңнің мал-мүліктеріңді жемқорлықпен жемеңдер. Күнәлі іс екенін біле тұра адамдардың мүлкін жеу үшін, басшылыққа (сотқа) мүліктеріңді (пара) бермеңдер» деп бұйырып, пара алудың да, берудің де және оған себепкер болудың да тиым салынғанын білдірген.

Бұған қоса, арам мүлік жинауды іске айналдырған еврейлерді айыптаған «Мәида» сүресінің 42-аятында «Суһт» сөзі қолданылған. Суһт сөзі пара және арам табыс деп жорамалдаған. Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) тарапынан салық жинау үшін Хайберге жіберілген Абдуллах б. Рауаһаға салықтың мөлшерін азайту үшін әйелдердің әшекей бұйымдарынан пара беруді ұсынған еврейлерге «Ұсынып отырған бұл пара суһт болып саналады, біз оны жемейміз» деп бас тартқан.[1]

Сонымен қатар, суһт жолымен нәр алған адамның жәннатқа кірмейтінін және бұндай адамдардың тозаққа лайық болғанын білдірген Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) суһттің қандай мағына беретіні туралы сұрағына «үкімі – пара» деп жауап берген.[2]  «Суһт» сөзінің пара мағынасына келетіні жайында Хз. Омар, Хз. Әли, Абдуллах б. Мәсуд, Абдуллах б. Аббас және Зәйд б. Садит секілді сахабалар және Мужахид б. Жәбр, Катада б. Диама және Даһһақ б. Музаһим сынды тәбиғун дәуірінің ғұламаларынан риуаят етілген.[3]

Пара алу Пайғамбарымыздың хадистерінде тиым салынған және лағынеттеген.[4] Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) зекет жинаушыларға және мемлекет қызметкерлеріне берілген сыйлықтарды «мемлекеттік қазынаға қиянат және қазынадан ұрлау» деген қорытынды шығарған, сондай-ақ дәрежесін қолданып өз пайдасына қолдануына тиым салған.[5]

Тақырыпқа қатысты риуаяттардың бірінде Мұхаммед (с.ғ.с.) зекет жинау мақсатында жіберген Ибну л-Лутбия, қызметі барысында өзіне берілген сыйлықтарды өз меншігіне өткізгенін көргенде, ашуланып және былай деп бұйырған: «Анасының және әкесінің үйінде отырған болса, оған осындай сыйлықтар берілер ме еді? Мұхаммедтің жаны қолында болған Аллаға ант етейін, қай қайсың болмасын осы мүліктен сатқындық жасап әділетсіз бір нәрсе алатын болса, қиямет күні сол нәрсе өкірген бір түйе, бір сиыр немесе қой секілді мойнында арқалап келеді»[6] деп бұйырған.

Ислам дінінің фиқһ әдебиеттерінде парақорлық термині екі мағынада қолданылады. Олардың бірі жалпы, ал біреуі жалқы мағынада. Жалпы мағынада парақорлық термині мемлекеттік құқық шеңберіндегі тақырыптар кіреді. Мемлекет қызметкері бір міндетті атқару барысында, қосымша ақы талап етуі немесе өз пайдасына шешуі. Сонымен қатар, некелі ерлі-зайыпты әйелдің баланы емізу үшін жолдасынан ақы талап етуін де парақорлық деген тоқтамға келген.[7]

Тағы бір айта кететін жайт, Әбу Ханифа фиқһында «білмегенін біледі» деп көрсету үшін алынған құнды, парақорлық шеңберінде қарастырылып рұқсат етілмеген. Алайда білімге қатысты берілген көмекті ақысыз әрі жақсылық жасау мақсатында болса ғана рұқсат етілген.[8]

Жалқы мағынада парақорлық, қоғамдық қызметкердің өз дәрежесін асыра пайдалану арқылы пайда көруі. Фиқһта парақорлық тақырыбы фуру әдебиеттерінің сот (Әдебу л-Қады) бөлімдерінде және осы тақырыпта жазылған еңбектерде қарастырылған.

Әділдікті сақтау мәртебесінде болған құқық қорғаушылар парақорлық ауруына шалдыққанда, парақорлықпен күресу мүмкін болмайтындықтан, сотты негізге ала отырып парақорлықпен күресуді жөн санаған. Бұл жайында кейбір ислам ғұламалары парақорлықтың анықтамасын судьялардың әділетсіз табысымен шектейді.[9]

Сондай-ақ, парақорлық үлкен күнәлардың бірі болғандықтан, діни және моральдық құндылықтардың жауапкершілігін, сондай-ақ күшті деструктивті әсері бар қылмыстарға қарсы күресте құқықтық санкцияларға назар аудару қажет болғандықтан, бұл тақырып ислам әдебіне байланысты еңбектерде кеңінен айтылған.[10]

Емделуі ең қиын және ең көне әлеуметтік аурулардың бірі болып саналатын парақорлық барлық иләһи діндерде тыйым салынған. Сонымен қатар ежелгі үнді, мысыр, иран, шумер және грек қоғамдарында осы қылмысқа қарсы күресу арқылы, сотта парақорға қатаң жаза қолданылған. Христиан діні негізінде жазылған Рим заңында, шенеуніктердің құнды заттарды сыйлық ретінде алуға тыйым салынса, ал пара алған судьяға өлім жазасы қолданылған.[11]

Ислам ғұламалары пара алудың арам екенін бірауыздан мақұлдаған (иджмағ) және бұл әрекетке тыйым салған. Бұл қылмыстың қоғамға тигізетін кері әсеріне қарай жазасының қатаң немесе жеңіл түрде өтейтінін ескере отырып, жоғарғы лауазымды адамдар мен құқық қорғаушы қызметкерлерінің заңсыз алған парасын екі дүниеде де қайтарымы болатынын айқындап көрсеткен. Сонымен қатар, бұл лауазымдағы адамдарға жанұясына айтпай беру де пара болып саналады.

Ислам құқықшылары пара алушы мен берушіні негізге ала отырып парақорлықты бірнеше бөлімде қарастырады:

  1. Қандай да бір құқықты жоққа шығару/кедергі болу немесе әділетсізді әділетті етіп көрсету мақсатында пара беру мен алу да харам етілген. Әбу Ханифа мәзһабының ғұламасы Жассас, пара алу арқылы сот әділетсіз табыс табады және әділдік қағидаларына қарсы үкім беру арқылы екі мәселеде күнәһар болады. Пара берген де бұл әрекетке баруына себепкер болғаны үшін тең дәрежеде күнәһар болады деген.[12]
  2. Бір қызметке орналасу үшін берілген мүлікте пара беру де, алу да арам. Себебі белгілі бір қызметке тағайындалатын адамның біліктілігі мен талаптарға сай келе ме, жоқ па, соны тексеру – сол мекеменің басшылығының міндеті. Бұған қоса алғанда бұл қызметке лайық және талаптарға сай адамға жасалған қастандық болғаны үшін де пара үкімінде.
  3. Өзіне тиесіліні алу үшін немесе зиянын және залымдық тек пара берумен ғана тоқтатылатын болған жағдайларда, алған адам үшін арам, алайда мәжбүрлі болғаны үшін берген адам күнәға кірмейді. Дін дұшпандарының залымдығының себебінен Хабашистанға (Эфиопия) қоныс аударып, сол жерде кепілдікке алынған Абдуллах б. Мәссудты пара беріп құтқарғаны туралы ислам тарихында риуаяттар бұған дәлел.[13] Сол сияқты, бір адамның хаққы бола тұра, мемлекеттік қызметшіге орындата алмаған жағдайда, делдал арқылы бұл хаққын алу үшін берілген пара берушіге емес, алушыға арам болып саналады. Себебі әділ әрі өзіне тиесіліні беру мекеме қызметкерінің міндеті, бұл ісінің ақысын мекеме тарапынан төленгені үшін, алынған сыйлықтар пара болып саналады.
ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ  Жүрек дерті – құмарға берілу

Өз еркімен жақсылық жасап іс біткеннен кейін, негізгі міндеті болмаған бұл азаматқа берілген қаржы немесе «шәй-пұлды» пара деп санағандармен қатар, бұл әрекеттің өз еркімен қаржы талап етпестен көмектесу болғаны үшін, ислам ғұламалары пара деп санамаған. Бастапқыда бір қаражатқа немесе шарт қосып келіспестен имамдар мен азаншыларға жамағат тарапынан жиналып берілген қаржыға рұқсат берілуі, бұған дәлел ретінде көрсетілген.[14]

Парақорларға берілетін жаза туралы Құран Кәрімде айтылмаған. Фиқһ әдебиеттерінде шарттарға және мұқтаждыққа қарай отырып пара алғандардың жазасы ісіне қарай берілген. Пара алған, берген және пара беруге себепкер болған адамдар тең дәрежеде жауапкершілікке тартылады. Сонымен қатар, пара беруге жол ашқан басқа да адамдарға ісіне сай жауапкершіліктер берілуі мүмкін. Парақор соттың және басқа да құқық қорғаушы қызметкерлердің пара алғаны дәлелденер болса, қызметінен кетуі туралы ислам ғұламалары бірауыздан мақұлдаған.

Сондай-ақ, шешуші лауазымда болмаған қызметкерлер ісіне өкінген жағдайда, басқа қызметкер табылмаған немесе басқа да мұқтаждық болған жағдайларда бұл қызметкердің қызметін жалғастыруына рұқсат беріледі.[15]

Парақорлық қылмысын мойындау, құжат, куәгерлер сияқты басқа да дәлелдермен анықталады.[16] Ислам құқықшылары қазының (мүфти/сот) қызметке орналасу үшін пара беруіне (арам) тыйым салуымен қатар, бұндай адамдардың берген үкімдерінің де жарамсыз болғаны туралы ислам ғұламалары сөз бірлігінде (иджмағ).[17]

Пара ретінде берілген мүлік Әбу Ханафи, Шафиғи және Ханбали мәзһабында иесіне тиесілі. Бұндай жағдайда пара ретінде берілген мүліктің иесі белгілі немесе иесін табу мүмкін болған жағдайда иесіне беріледі. Ал егер мүліктің иесі белгісіз немесе иесін табу мүмкін болмаған жағдайларда, жоғалған мүлік ретінде қарастырылып, мемлекет қазынасына өткізіледі.

Бұл пікірдің дәлелі ретінде Хз. Пайғамбарымыз зекет жинауға жіберген Ибну л-Лутбияға сыйлық ретінде берілген мүліктің кері алынып, мемлекет қазынасына өткізілуін талап етуін негізге алған. Сонымен қатар, парақорлықпен жиналған мүлік мұра және өсиет етіп қалдырғаны білінген жағдайда, иесі табылса иесіне беріледі. Ал егер иесі табылмаған жағдайда, мұқтаж жандарға таратылып беріледі. Кейбір ғұламалардың пікірінше мемлекет қазынасына өткізіледі.

Парақорлық көбінесе сыйлықтың имиджімен алмастырылатындықтан, олардың арасындағы қарым-қатынас алғашқы кезеңдерден бері баса айтылып келе жатқан мәселелердің бірі. Негізінде, параны сыйлық ретінде ұсыну заңмен рұқсат етілмеген заңды ережелер мен мүдделерді жасыру арқылы заңдылық үшін ресми негізді (заңға қарсы алдау) дайындауға тырысудың мысалы болып саналады.

Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) шын жүректен сыйлық беруді және алуды өсиет еткен. Алайда, мемлекет қызметкерлеріне сыйлықтар берілген жағдайда, қызметін асыра пайдалану мүмкін болғаны үшін құқық қорғаушы лауазымдағы азаматтарға сыйлық алуға тыйым салынған. Бұндай сыйлықтар, адал еңбектің артына жасырынған арам табыс деп бағаланғаны жайында риуаяттар кездеседі.[18]

Пайғамбарымыздың өсиеттерін негізге алған ислам ғұламалары, исламның алғашқы кезеңдерінде, әкімдердің, прокурорлар мен соттың және мүфтилердің сыйлық қабылдауына тиым салған және жіберілген сыйлықтарды мемлекет қазынасына өткізу туралы пәтуалар шығарған.[19]

Исатай БЕРДАЛИЕВ,

Ислам құқық ғылымдарының докторы

Пайдаланған әдебиеттер

  1. Абдуллах б. Абулмухсин әл-Мансур, Жәримату р-Рушуа фи ш-Шариати Исламия, Рияд 1400/1980, 109-112 беттер.
  2. Абдуллах б. Абулмухсин әл-Мансур, Жәримату р-Рушуа фи ш-Шариати Исламия, Рияд 1400/1980, 147-бет.
  3. Ахмад б. Хусайн әл-Бәйхаки, Әс-Сунәну л-Кубра, X-том, 233-бет
  4. Ахмад Мумжу, Осман мемлекетінде парақорлық, Ыстамбул 1985, 22-41 беттер.
  5. Әбу Жағфар Мухаммад б. Жарир б. Иазид әл-Амули әт-Табари әл-Бағдади (ө. 310/923), Жамиу л-Баиан уә Тариху л-Умам уә л-Мулук, IV-том, 581-бет
  6. Әбу Хафс Хусамуддин әс-Садру с-Шаһид Омар б. Абдуллазиз б. Мазе әл-Бұхари (ө. 536/1141), Шәрху Әдәби л-Қади, 91-92 беттер.
  7. Әбу Хилал әл-Аскари, Әл-Фуруқ фи л-Луға, 195-бет.
  8. Әлауддин Әбу Бакир б. Мәсуд әл-Касани (ө. 587/1191), Бәдәиату С-Санай, IV-том, 40-41 беттер.
  9. Бедреддин әл-Айни, Рәмзу л-Хакаик, II-том, 67-бет.
  10. Жассас, Ахкаму л-Қуран, II-том, 433-бет.
  11. Зәхаби, Әл-Кабир, 142-бет.
  12. Ибн Абидин, Рәдду л-Мухтар, IV-том, 14-15 беттер.
  13. Ибн Хажар әл-Хайтәми, Изаху л-Ахкам лимаиа хузуху л-Уммал уә л-Ахкам, Бейрут 1425/2004, 134-бет
  14. Имам Ғаззали, Ихия, II-том, 154-156 беттер;
  15. Имам Мәлік (ө. 179/795), Әл-Муатта, «Мусаккат», 2.
  16. Сирие б. Шәһрадар әр-Дейлеми, әл-Фирдаус би Мәшури л-Хитаб, Бейрут 1406/1986, I-том, 334-бет.

[1] Имам Мәлік (ө. 179/795), Әл-Муатта, «Мусаккат», 2.

[2] Әбу Жағфар Мухаммад б. Жарир б. Иазид әл-Амули әт-Табари әл-Бағдади (ө. 310/923), Жамиул-Баиан уә Тариху л-Умам уә л-Мулук, IV-том, 581-бет

[3] Әбу Хафс Хусамуддин әс-Садру с-Шаһид Омар б. Абдуллазиз б. Мазе әл-Бұхари (ө. 536/1141), Шәрху Әдәби л-Қади, 86-бет.

[4] Ибн Мәжа «Ахкам» 2; Әбу Дауд «Ақзия» 4; Тирмизи «Ахкам» 9; Муснад V-том, 279-бет.

[5] Ахмад б. Хусайн әл-Бәйхаки, Әс-Сунәну л-Кубра, X-том, 233-бет

[6] Бұхари «Әйман» 3.

[7] Әлауддин Әбу Бакир б. Мәсуд әл-Касани (ө. 587/1191), Бәдәиату С-Санай,  IV-том, 40-41-беттер.

[8] Ибн Абидин, Рәдду л-Мухтар, IV-том, 14-15-бет.

[9] Әбу Хилал әл-Аскари, Әл-Фуруқ фи л-Луға, 195-бет.

[10] Имам Ғаззали, Ихия, II-том, 154-156-беттер; Зәхаби, Әл-Кабир, 142-бет.

[11] Ахмад Мумжу, Осман мемлекетінде парақорлық, Ыстамбул 1985, 22-41-беттер.

[12] Жассас, Ахкаму л-Қуран, II-том, 433-бет.

[13] Әбу Хафс Хусамуддин әс-Садру с-Шаһид Омар б. Абдуллазиз б. Мазе әл-Бұхари (ө. 536/1141), Шәрху Әдәби л-Қади, 91-92 беттер.

[14] Әбу Хафс Хусамуддин әс-Садру с-Шаһид Омар б. Абдуллазиз б. Мазе әл-Бұхари (ө. 536/1141), Шәрху Әдәби л-Қади, 84-85 беттер.

[15] Бедреддин әл-айни, Рәмзу л-Хакаик, II-том, 67-бет.

[16] Абдуллах б. Абулмухсин әл-Мансур, Жәримату р-Рушуа фи ш-Шариати Исламия, Рияд 1400/1980, 109-112 беттер.

[17] Ибн Хажар әл-Хайтәми, Изаху л-Ахкам лимаиа хузуху л-Уммал уә л-Ахкам, Бейрут 1425/2004, 134-бет; Абдуллах б. Абулмухсин әл-Мансур, Жәримату р-Рушуа фи ш-Шариати Исламия, Рияд 1400/1980, 147-бет.

[18] Сирие б. Шәһрадар әр-Дейлеми, әл-Фирдаус би Мәшури л-Хитаб, Бейрут 1406/1986, I-том, 334-бет.

[19] Жассас, Ахкаму л-Қуран, II-том, 434-бет; Әбу Хафс Хусамуддин әс-Садру с-Шаһид Омар б. Абдуллазиз б. Мазе әл-Бұхари (ө. 536/1141), Шәрху Әдәби л-Қади, 91-бет.

Пікір жазу