Ислам ынтымақтастық ұйымының жаңа эмблемасы Ислам әлемінің бүгінгі көрінісін айқындап, барша мұсылман үмбетін бірлік пен ынтымаққа үндейді.
Ұйымның жаңа эмблемасы үш негізгі элементтен тұрады: Қасиетті Қағба, Жер-жаҺан және Айшық. Қасиетті Қағба әлемдегі барлық мұсылмандарға ортақ киелі нышан болғандықтан, жаңа эмблемада ол біріктіруші символ ретінде алынып отыр. Қағбаның суреті глобус үлгісіндегі Жер-жаҺанның қақ ортасында орналасқан. Себебі Сауд Арабиясындағы Қасиетті Қағба Алла тағалаға құлшылық ететін мұсылмандардың бірегей орталығы әрі барлық Ислам елдеріне ортақ қасиетті орын болып табылады. Айшық осы Ислам әлемін тербеп жатқандай. Оның негізгі мақсаты – қорғау және біріктіру. Аталған үш негізгі элементтің үйлесімділігі бүгінгі Ислам әлемінің айқын көрінісі болса керек.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Астанада басталған Ислам конференциясы ұйымы Сыртқы істер министрлері кеңесінің 38-ші сессиясына қатысушы делегациялардың басшылары Ұйымның атауы мен логотипін өзгерту туралы қарарды қабылдады. Сөйтіп Ислам конференциясы ұйымының атауы Ислам ынтымақтастық ұйымы болып өзгертілді.тИКҰ СІМ кеңесінің 38-ші сессиясының күн тәртібі мен бағдарламасы қабылданғаннан кейін, Кеңеске қатысушы делегациялардың басшылары Ислам конференциясы ұйымын  Ислам ынтымақтастық ұйымы деп жаңа атаумен атау туралы шешім қабылдады. «Бұл шешім біздің мақсаттарымыз бен мүддемізге және Ұйым алдында тұрған міндеттерге толық сәйкес келеді», – деді ИКҰ СІМК төрағасы, ҚР Сыртқы істер министрі Ержан Қазыханов.

«Бүгін Қазақ жерінде Ұйымды жаңаша Ислам ынтымақтастық ұйымы деп атай бастау – біздің жаңаруымыздың, бірлігіміздің, үмметтің бәсекеге қабылеттілігінің символы болады деп сенемін. Біздің Ұйым халықаралық күн тәртібін қалыптастыруда белсенді атсалысады деп үміт артады», – деді Ұйымның сессиясында сөз алған ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстанның Ұйымға төрағалығы бейбітшілік, ынтымақтастық және даму ұраны аясында өтетіндігін атап көрсеткен Елбасы, соңғы жылдары біршама жетістіктерге жеткен Қазақ елі Ислам ынтымақтастық ұйымының беделін арттыруға атсалатындығын айтты. 

www.inform.kz

 

 

 

Пікір жазу