Жаңалықтар

«Ислам – төзімділік діні» конференциясы өтті

Лондон университетінің ұйымдастыруымен болған конференцияға батыс елінің беделді мұсылман тұлғалары, танымал шығыстанушылар мен Дүниежүзілік Мұсылмандар лигасының өкілдері қатысты.

«Ислам құндылығы мен пайғамбардың (с.ғ.с.) көрсеткен жолы қазіргі әлемді үрейде ұстап отырған экстремизм деген дертке ешқандай қатысы жоқ. Бүгінде көптеген террористік ұйымдардың идеологиясы агрессияға жетелейді. Олардың негізі саяси бағыттарының дінмен байланысы жоқ. Сондықтан мұндай сұрапыл идеологияға қарсы күресу үшін біз алдымен халықты сауаттандыруымыз қажет» деді бас хатшы.

Конференцияның қорытындысы ретінде өзге дін өкілдері арасында өзара түсіністік пен татулықтың жолын көрсететін келіссөздерді таратуға шақырды.

Толығырақ

Басқа жаңалықтар

Close