Комиссия басшысы, Иорданияның экс-премьер-министрі, профессор Тахир әл-Масри аталмыш қаражаттың негізгі бөлігі Түркия тарапынан бөлінгенін хабарлады. Қазіргі уақытта бұл қаражатқа «Түркия мен Палестинаның достық емханасы» құрылысы жүргізілуде. 150 орынға есептелген аурухана нысаны бұл аймақтағы ең ірі емдеу мекемесіне айналады. Медициналық орталық 2018 жылы қолдануға беріледі және 1,85 миллион тұрғыны бар Палестина халқына қызмет көрсететін болады.

Пікір жазу