Сұрақ: Ислам діні экстремизмге шақыра ма?

Жауап: Расында да діннің негізі – ізгілік, адамдармен жақсы қарым-қатынаста өмір сүру, танитын және танымайтын адамдарға сәлем беру, әлсізге жәрдем ету, мұқтаж жанға қол ұшын беру деген сияқты т.б. құндылықтардан құралады.

Мешіт имамдарының көптеген қайырымдылық іс-шараларын (жоқ-жітікке материалдық көмек беру, баспанасыз отбасыларға үй сыйлау, көпбалалы отбасыларға жан-жақты жәрдем беру, әлеуметтік жағдайы төмен балаларды мектеп жабдықтарымен қамтамасыз ету сияқты және т.б.) өткізуі осының дәлелі.

Бірақ, өкінішке орай, кейбір саяси күштер адамның дінге деген сенімін пайдаланып, дінді саясаттың құралы қылып, қатыгез саяси мақсаттарын жүзеге асыруды көздейді. Қойдың терісін жамылған қасқырлар дін атын бүркеніп, бір қоғамда ғасырлар бойы бейбіт ғұмыр кешіп жатқан түрлі этностар мен дін өкілдері арасында діни мәтіндерге қате түсініктеме беріп, оларды алға тартып, діни атрибуттарды сырттай көрсетіп, конфессияаралық қақтығыс, жарылыстар ұйымдастырады. Нәтижесінде «діни экстремизм», «діни терроризм» деген терминдер кеңінен етек алды.

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ:  Астың адалдығы – бастың амандығы

Негізінде діни экстремизм – саяси күштердің өз мақсаттарына жету үшін дін атын жамылып, мемлекетке қарсы бағытталған күресі. Әдетте олар өз жақтаушыларын (топтарын, жамағаттарын) көбейтіп, қоғам өміріне, билік құралдарына ықпал етуге тырысады. Біз мұндай қара ниетті топтардан сақ болуымыз қажет.

                                                                             Жалғас САДУАХАСҰЛЫ

Пікір жазу