Сұрақ: Пайғамбар (с.ғ.с.) заманында дінаралық келісім қалай жүзеге асты?

Жауап: Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.) шебер саясаткер, білікті дипломат болған. Ол кісі Мәдинаға қоныстанған уақытта ондағы яһуди, насрани (христиан) және мүшриктермен қарым-қатынасты реттейтін және тұрақтылықты нығайтатын «Мединелік келісім» деклорациясын құрды. Біз мұнда пайғамбардың (с.ғ.с.) «бір мемлекет – бір қоғам» саясатын қалай ұстанып, жылдар бойы бір-бірімен қарсы соғысқан діндер мен тайпалардың басын бір араға қосып, жұмса, жұдырық болатын берік мемлекеттің негізін қалай қалағанын көреміз.

Ислам жер бетінде басқа да діндердің бар екендігін мойындайды. Адам – парасатты жан, ерікті. Сондықтан оған өзі дұрыс деп тапқан дінін таңдауына құқық береді.

Дін адамның еркіне қарсы міндеттелмеуі керек. Басқаша айтқанда, адамның дінді жек көріп қабылдамағаны дұрыс. Құран және пайғамбардың (с.ғ.с.) өмірі, оның басқа дін өкілдерімен жасасқан қарым-қатынасы бізге осыны айтады: «Дінде зорлық жоқ» (2: 256).

«Мәдинелік келісім» негізінде пайғамбар (с.ғ.с.) әрбір дін иелеріне өздерінің ішкі мәселелерін кітаптарына сәйкес шешіп отыруларына рұқсат берген. Бірақ олардың бұл мәселелері келісімдегі шарттарға және мемлекет азаматтарының бейбіт өмірі мен тыныштығына теріс болмауы шарт еді. Себебі, пайғамбар (с.ғ.с.) қоғамдағы бейбіт өмірді, келісім мен тұрақтылықты бірінші кезекке қойған болатын.

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ  Иман келтіргеннен кейін Исламды толық ұстану керек пе?

Расында да Мәдина шаһарында түрлі ұлт пен ұлыстар бірге тату тұрып, өз діндерін еркін ұстанды. Мысалы, Мәдинадағы яһудилердің өз дінін үйрететін «Байт әл-Мидрас» атты мектептері болды. Олар мұнда келіп қасиетті кітаптары Тораны оқып, оны түсіндіріп, құлшылықтарын жасайтын.

Тарих беттерінде пайғамбардың (с.ғ.с.) өзге сенім өкілдеріне көрсететін парасатты қарым-қатынасы жайында оқиғалар көптеп кездеседі. Мұсылман мемлекетінде сол елдің заңын сақтап өмір сүрген өзге дін өкілдері адамның барлық құқықтарына ие болды.

Олар дін және сенім бостандығына ие, жеке мүліктерін қалағанындай жаратып, өздерінің қалауы бойынша діндеріне сәйкес соттарын сайлауға, әскер борышынан босатылып және соғыс барысында мұсылман әскерінің қорғауына кіруіне құқылы еді. Осылайша сол дәуірдің өзінде бір мемлекеттің азаматтары «Бір ел – бір тағдыр» тұжырымдама негізінде елдегі тұрақтылық пен бейбіт өмірді нығайтуға үлес қосқан.

Жалғас САДУАХАСҰЛЫ

Пікір жазу