Жаңалықтар

Иран Мина уақиғасына байланысты қаралы күн жариялады

Мекке маңындағы қайғылы уақиға бейсенбі күні таңертең қажылық рәсімдерінің бірі – шайтанға тас ату кезінде орын алды. Адамдар толқынының соқтығысуынан 717 мұсылман қаза тауып, 863 адам зардап шеккен.

Қаза болған қажылар арасында Иранның кем дегенде 90 азаматы бар. Тағы 150 ирандық қажы жарақаттанған. Қазіргі уақытта Мина жазығында құтқару жұмыстары жалғасуда. Минаға жақын емхана дәрігерлері келіп түсуші ауруларды қарап үлгеру қиынға соғып жатқанын айтуда. Сауд Арабиясы билігі ауруханаларды тез арада босатып, зардап шеккен кей қажыларды елдің өзге ауруханаларына тікұшақтармен жеткізуге кірісті. 

Толығырақ

Басқа жаңалықтар

Close