Ирактың сыртқы істер министрлігі әлем елдеріне, ДАИШ құрамындағы азаматтарының балаларын, белсенді түрде алып кетуге шақырды.

Ирактың ІІМ-нің баспасөз қызметі хабарлағандай, қазіргі уақытқа дейін, ДАИШ (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) тарапындағы бес жүзге жуық бала өз еліне қайтарылған. Ол балалардың көбі Еуропа және ТМД елдерінің азаматтары болып табылады.

Айта кетейік, «Жусан» арнайы операциясының шеңберінде, Қазақстанға Сирия және Ирак елдерінен 357 бала қайтарылған болатын.