Бүгін Дін істері комитетінің ұйымдастыруымен интернет кеңістігінде радикалды және деструктивті діни контенттің таралуына қарсы іс-қимыл бойынша дін саласындағы өңірлік мамандарға арналған онлайн-семинар өтті.

​Семинар барысында қатысушыларға экстремистік контентті анықтау, бұғаттау және жою мақсатындағы интернет мониторингін жүргізудің қағидаттары түсіндірілді. Мамандар діни тақырыптағы қандай материалдар заңға қайшы деп есептелетіні, деструктивті діни ағымдардың идеологиясын насихаттау көздерін қалай табу және олармен жұмыс істеу және тағы басқа мәселелер туралы сұрақтарына жауап ала алды.

​Сонымен қатар, анықталған құқыққа қарсы материалдарға жедел ден қою ғана емес, азаматтардың радикалды идеологияға қарсы иммунитетін нығайтуға ықпал ететін профилактикалық контентті проактивті орналастыру қажеттігіне назар аударылды.

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ:  "Уақып" қорының президенті тағайындалды

​Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар Интернет желісінде діни экстремизмнің алдын алу және оған қарсы іс-қимыл бойынша жұмысты жетілдіруге өз ойлары мен ұсыныстарын білдірді.

​Естеріңізге сала кетейік, еліміздің заңнамасына сәйкес республика аумағында діни алауыздықты қоздыруға, экстремизм мен терроризмді насихаттауға және ақтауға бағытталған ақпараттық материалдарды таратуға тыйым салынған.

Пікір жазу