Араб тілінде “адам” деген сөз “инсан” деп айтылады. Осы “инсан” сөзі екі етістіктен: “нисиан” (ұмыту) және “унс” (жақын болу) сөздерінен құралған.
Екі етістіктің де жақсы, жаман жағы бар және екеуі де адамның сипатын ашады.
“Нисиан”-ның жақсы жағы – Алла Тағала адам баласының басына түскен қайғысын ұмыттыру болса, ал жаман жағы – адам баласының Аллаға берген уәдесін ұмытуы екен.
“Унс”-тың жақсы жағы – атам қазақ “адамның күні – адаммен” демекші, адам баласы басқа біреусіз өмір сүре алмай, жақын болуға талпынуы, бірақ, Алла ризашылығы үшін жақын болса жақсы, ал дүниелік мақсатта жақын болса жаман.
“Дүние дос – қалтаңда ақшаң біткенше,
Иман дос – жәннатқа кіріп, жеткенше” дегендей болады.
Алла баршамызға иман дос, ақыреттік дос болуды нәсіп етсін!
Қуат ҚАБДОЛДА