Бір күні ардақты сахабалар Алланың Елшісінен (с.ғ.с.):

– Мүминдердің бірін хұшуғ (ықылас) халінде көрсек, енді біреуін хұшуғтан жұрдай екенін байқаймыз. Осы айырмашылықтың себебі неде? – деп сұрады. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.):

– Иманның шынайы дәмін татқан мүмин – нағыз хұшуғ иесі. Ал иманның дәмін татпаған мүмин хұшуғ иесі бола алмайды, – деп жауап берді. Сонда қадірлі сахабалар:

– Олай болса, иманның дәмін қалай татуға және оған қалай қол жеткізуге болады? – деді. Хазірет Пайғамбарымыз:

– Аллаға деген махаббатта шынайы болумен, – деді. Сахабалар тағы да:

– Олай болса Алланың махаббатына қалай қол жеткіземіз? – деді. Алла Елшісі (с.ғ.с.):

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ:  Халықтың қуаты - бірлікте!

– Оған Алланың Елшісін жақсы көру арқылы қол жеткізесіңдер. Сондықтан сіздер Алланың және Оның Елшісінің разылығын Алла мен Елшісін жақсы көру  арқылы іздеңіздер! – деді.

Дайындаған – Тұрар ТҮГЕЛҰЛЫ

Пікір жазу