Иманның артып-кемуі мәселесі ерте кезден бастап-ақ түрлі көзқарастардың шығуына себеп болған тақырыптардың бірі. Ол иман анықтамасына қатысты өрбіген. Иманды жүрекпен сену, тілмен айту және құлшылықтармен қуаттау деп үш негізге сүйеген мәлики, шафиғи және ханбалилар үшін ол артады және кемиді. Ал иман – жүрекпен сеніп, тілмен айту деп қабылдаған ханафи мәзһабында артып-кемімейді. Біз енді классикалық ақида еңбектерінде қос тараптың келтірген аят-хадистері мен дәлелдеріне ұзақ сонар тоқталып жатапай, қысқаша ғана жауап бере кетейік.
Имам ән-Нәсәфи: «Иман артып-кемімейді. Иман Алла тағала тарапынан келген хабарларды жүрекпен растап, тілмен айту. Құлшылықтар арқылы иман артып-кемімейді», – деген.
Рукнуддин әбу Бәкір Қирмани Бухариға жасаған түсіндірмесінде: «Құлшылық жасау иманның бір бөлігі ретінде саналса, иман артады әрі кемиді. Алайда, жүректегі иман артып-кемімейді. Артып-кеміген нәрсе иман емес, күмән болады», – дейді. Имам Нәуәуий: «Иман келтіретін нәрселерді тәптіштеп білген сайын, иман артады. Әбу Бәкір Сыддық пен басқа адамның иман деңгейі бір емес», – дейді. Бұл иманның сапасына қатысты мәселе. Әйтпесе иманның өзіне қатысты емес. Мұхаммед Хадими осыған қатысты: «Құлшылықтар иманды кемелдендіріп, жақсарта түсетін ағаштың бұтақтары іспетті. Иман құлшылық жасау арқылы көбейіп, күнә жасау арқылы азаймайды. Өйткені иман – толықтай сенуді білдіреді. Оның артып-кемуі деген нәрсе жоқ. Жүректегі иманның көбеюі, оған қарама-қайшы болған күпірліктің азаюы және керісінше иманның азаюы күпірліктің артуы деген сөз. Ал бұл мүмкін емес. Әхлу сунна уәл-жамағат ғалымдарының Иман артады әрі кемиді деулері, иманның өзінің артып-кемуі емес, қуатының артып-кемуін білдіреді»,– деп түсіндірген.
Осы мәселеге қатысты Имам Ағзамның түйінді көзқарастарын келтіре кетейік. «әл-Фиқһул-акбарда» және басқа да еңбектерде келтірілген деректерге орай «Иман тілмен айтып, жүрекпен бекітуден тұрады»[1]. Иман толық саналу үшін бұл айтылғандардың біреуін елеусіз қалдыруға болмайды.
Иманның артып-кемімейтіндігін, сенген адамның «Шынайы мүминмін» деуі керектігін, бүкіл мүминдердегі иманның бір-біріне ұқсас екенін айтқандығы үшін, Әбу Ханифа сәләф ақидасын ұстанатын хадис ғалымдары тарапынан қатты сынға ұшыраған. Тіпті, кейбір деректерде «Әбу Ханифа Ибн Әбу Ләйлә, Суфиян әс-Сәури т.б. секілді ғалымдар тарапынан екі рет күпірден тәуба етуге шақырылған-мыс», «Бидғатшы болғандықтан, оның пікірлеріне құлақ асу жөн емес» деген секілді риуаяттарға да орын берілген. Оны кейде жахмияға, кейде мүржияға тән әрекетке барды деп айыптаған.
Әбу Ханифаның кейбір сөздеріне қарағанда, жүрекпен қабылдау иманның негізгі талабы болғандықтан, иманның артып-кемуі турасында сөз қозғаудың өзі ақылға сыймайды. Негізінен, иманның артып-кемуі таза теориялық мәселе. Өйткені, имам Әбу Ханифа пайғамбарлар мен періштелерді де қосқанда мүминдердің иманы бір-біріне ұқсас деумен қатар араларында айырмашылық бар екенін де атап көрсетеді. Осыған байланысты «әл-Алим уәл-мутааллим» атты кітабында өз ойларын: «Иман амалдан бөлек болғандықтан артып-кемімейді. Олай болса, біздің иманымыз періштелер мен пайғамбарлардың иманымен бірдей. Өйткені, біз Аллаһ тағаланың жалғыз даралығын, Оның Жаратушылығын, құдыретін, Оның жіберген барлық үкімдерін періштелер мен пайғамбарлардың бізге айтып, растағанындай растаймыз. Сондықтан, иманымыздың періштелер мен пайғамбарлардікіндей екенін айта аламыз. Өйткені, біз періштелер мен пайғамбарлардың көзбен көріп, иман келтірген, Аллаһ тағаланың ақылмен танып-білу қиын ақиқаттарын көрмесек те, толықтай иман келтіреміз. Бірақ, мына негіздерге орай бізге қарағанда олар Аллаһтан тереңірек қорқып, көбірек мойынсұнады:
1. Олар пайғамбарлық сипаттарымен өзгелерден артық болғаны секілді, Аллаһтан қорқу, Оны сүю және басқа да асыл қасиеттер тұрғысынан өзгелерден артық ерік-жігер танытқан;
2. Олар біз көрмеген, адам санасы мен періштелерді де таңқалдырған кереметтерді көрген;
3. Олар жамандық жасағандардың басына жіберілген жазаның түрлерін өз көзімен көрді. Осы жайт оларды күналардан барынша алшақтатады. Алайда, имандары мен құлшылықтарының сауабы тұрғысынан бізден артық…» деп түйіндеген[2].
Қысқаша қайырар болсақ, бұл тақырып тек қана теориялық мәселе болғандықтан, көп талқылап, «ақиқат біреу ғана болуы тиіс және ол біз жақта» деп дүрдаласудың қажеті жоқ. Негізінен екі көзқарас та бір ақиқатты екі қырынан алып қарастырғандықтан дұрыс есептеледі. Осы екі көзқарастың түйіні мынада: Иман негіздері бір тұтас болғандықтан сену қажет негіздер тұрғысынан иман артып-кемімейді. Өйткені иман негіздерінің бірін қабылдамаған адам мұсылман саналмайды. Сондықтан өте білімдар немесе қарапайым адам үшін иман негіздері бірдей, араларында ешқандай да айырмашылық жоқ.
Иманның сапасы тұрғысынан әлсіз немесе күшті болуы заңды. Өйткені біреу өте терең, шын жүректен сенсе, екінші бір адамның иманы ол деңгейге жетпеуі мүмкін. Құран аяттары мен хадистердегі иманның күшейіп-азаюы мәселенің осы қырына қатысты.