Павлодар облысы ақпарат және қоғамдық даму басқармасының Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығы «Имам Матуриди – әхлі-с-суннет уәл джамғаның  негізін қалаушы» тақырыбында халықаралық семинар өткізді.

Онлайн-семинардың мақсаты – әхлі-сүннет уәл-жамағаның жолын қазақтар ғасырлар бойы ұстанатын наным-сенімдер тұрғысынан түсіндіру және сипаттау. Орта Азия мен Қазақстандағы ислам діні жүйесінің негізін қалаушы Имам Матуридидің еңбектерін насихаттау.

Онлайн-семинар барысында Алматы қаласы «Байкен» мешітінің бас имамы, РАТТ мүшесі, теолог Қабылбек Жұмабеков Әбу Ханифа мәзһабының негіздері, шариғат мәселелері бойынша мектеп қандай білімге сүйенеді, өзінің дәлелді базасында қандай дереккөздерді пайдаланады деген ойларымен бөлісті.

Египет университетінің шейхы, ақида, имам Матуриди және Имам әл-Ашғари бойынша ғылыми жұмыстардың авторы Әл-Азхар Хамдулла Ассофти  Имам Матуриди мектебінің негіздері, оның басқа мектептерден айырмашылығы туралы айтты.

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ:  Сауд Арабиясы "Болашақтың қаласын" салады

Шымкент қаласы орталық мешітінің наиб имамы, РАТТ мүшесі Еркебұлан Қарақұлов әхлі-сүннет уәл-жамағаның шығу тарихы, осы бағыттың басқа ағымдардан айырмашылығы туралы айтып берді.

Павлодар облысының бас имамы, теолог Жолдас қажы Қоспақовтың айтуынша, мұндай оқыту кездесулерін өткізу жергілікті жерлерде дін мәселелері бойынша АТТ мүшелерінің кәсіби құзыреттілігін арттыруға ықпал етеді, дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру жұмысының тиімділігі мен нәтижелілігін айтарлықтай жақсартады.

«Жоғары білікті мамандардан алынған жауаптарды имамдар деструктивті ағымдарды ұстанушылармен жұмыс жасау барысында қолдана алады», – деп атап өтті Жолдас қажы.

Үш сағаттан астам уақытқа созылған зум-конференцияға Қазақстанның түкпір-түкпірінен 70-тен астам имамдар мен теологтар, дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелері қатысты.

Пікір жазу