Имам «Бұнысы несі екен?» деп ойлайды. Абайсызда ренжітіп алдым ба екен деп уайымдайды.
Ертеңіне барып жолығады. Сөйтсе ол бұрын өзінен он мың дирхам қарыз алған екен. Келісілген уақыт әлдеқашан өтіп кетсе де әлі төлемегенін, сол үшін амандасуға ұялғанын айтады. Сонда Әбу Ханифа:
– Қиналып жүрсең, ол қарызды қайтармай-ақ қой. Cондай жайсыздық туғызғаным үшін қайта сен мені кешір, – дейді кеңпейілдік танытып.
Құдайберді БАҒАШАР