Жауап: Сіздің екі сұрағыңыздың да жауабы біреу. Теледидардағы имамға немесе үйдің балконында тұрып мешіттегі имамға еріп намаз оқылмайды. Себебі имамға ұюдың өз шарттары бар. Сол шарттардың бірі мешіттен басқа жерде имам мен ұюшының арасын өзен немесе екі не одан көбірек сап сиятын жолдың бөліп жатпауы қажет. Ал теледидардағы имам мен сіздің араңызда бірнеше мың км. қашықтық бар. Сол секілді сіздің үйіңіз бен жұма намазын оқып жатқан жамағат арасын жол бөліп жатқандықтан сіз ол имамға үйіңізде тұрып ұйып оқи алмайсыз. Ал егер мешітке жамағат сыймай, сол жамағаттың қатары сіздің үйіңізге дейін созылса, онда жамағат пен сіздің араңыз үзілмейтіндей болған жағдайда балконда тұрып намаз оқуыңызға болады.