Сенбі, 2 Шілде, 2022
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Ихсан ілімі және рия мәселесі

14.08.2021
- Қоғам
0
170
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу
Алауыздық жамағаттан алыстатады

Алауыздық жамағаттан алыстатады

21.06.2022
Қазақ мемлекеттілігі Жошы ханнан басталады

Қазақ мемлекеттілігі Жошы ханнан басталады

20.06.2022
Бүгінгі ақпараттық және ксерокөшірме технологиясы дамып, әлеуметтік өмірдің барлық қыры әлемжеліленіп жаһанданған заманда риясыз шынайылық, төлтума немесе түпнегіз (оригинал) дүние тапшылыққа айналып барады.
Қадам басқан сайын табиғилықтан жұрдай жасандылық, менмендік пен тәкаппарлық, жалған намыс пен мақтанымпаздық (понтмания), көрсеқызарлық пен әсекілік, көсемсу (демагогия) мен жағымпаздық, мансапқорлық пен жемқорлық, екіжүзділік пен өсек-аяң, өшпенділікпен айдап салу (буллинг), көшіре салу мен сұғанақтық (плагиат), имитация (еліктеушілік) пен симуляция (көлгірсу, көзбояушылық) т.б. жүрек, рух, тіл кеселдері мен содан туындайтын амал мен дене дерттерінің көріністеріне куә боласың.
Күшенген, ызаланған, тыраштанған бір үрдіс бар. «Болудан» гөрі «болып көріну» басым. Ниеті таза, сөзі түзу, айтқаны мен амалы айнымайтын, өз мінезіне адал, әділдікке жүгінетін тұлға табу қиын. «Заманға күйлемейтін, замана оны илемейтін» жан жоқ тәрізді.
Бұл келеңсіз құбылыстар соңғы кездері қоғамда қарсыласушылық көңіл күйді тудырып, билік пен азаматтар арасындағы алшақтықты ұлғайтып бара жатқандай. Осы орайда, уағызшылардың жиі айтатын қасиетті Құрандағы “Рағыд” сүресінің «Расында бір қауым өзін өзгертпейінше, Алла оны өзгертпейді» деген аятын, сондай-ақ, адамзаттың ардақтысы Мұхаммед пайғамбардың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) «Өздерің қалай болсаңдар, солай басқарыласыңдар», «Ең жаман адам – араларыңда сөз таситын, араларыңды бұзатын және адамдарды бір-бірімен шағыстыратын адам» деген хадистерін еске алған жөн деп ойлаймын.
Біздің елімізде дін саласындағы мемлекеттік саясат зайырлылық пен діни құндылықтардың балансын сақтай отырып жүзеге асырылып келеді. Былтыр, яғни 2020-жылдың қараша айында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлын қабылдағаны белгілі. Сол кездесуде мүфтият алдағы уақытта «ихсан ілімін», қазақтың данасы Абайдың «кемел адам» концепциясын кеңінен насихаттайтыны айтылған еді. Бұл бастама мемлекет басшысы мен дінбасының елдегі қоғамдық ахуалды жақсартуға деген ізгі ниетінен туындаса керек.
Содан көп ұзамай, үстіміздегі жылдың мамыр айында хазіреті Мүфтидің жетекшілігімен «Ихсан – рухани тәрбие негізі» атты көлемді кітап «Мүфтият» баспасынан жарыққа шығып, оқырманға жол тартты. Қолымызға тиген бұл кітаптың мазмұны Жаратушы Алла және адам мен қоғам ара байланыстарындағы ихсан мәселесін қамтиды. Ыждаһатпен жазылған бұл еңбек шектен шыққан кейбір діни ағым өкілдеріне ғана емес, жалпы қоғамдағы рухани ізденіске зәру адамдарға арналып, жаман әдеттерден жиренудің жолдарын үйретіп, жақсылыққа шақырады. Діндегі иман және ислам ұғымдарын толықтыра отырып, ихсан ілімі адам бойында, қоғам болмысында әдеп пен көркемдік қалыптастыруға үндейді.
Иә, ихсан адамгершілікке тән игі қасиеттерді кемелдендіре түсетін рухани ілім болса, оның биік дәрежесіне ықылас арқылы ғана жетуге болады. Ал ықыластың діни түсінігіне келсек, ол дүниелік пайда көздемей, өзге адамдардың назарына ілігуді мақсат тұтпай, ізгі де шынайы амалдар арқылы Алла разылығын алуға ұмтылысты білдіреді.
Ықыластың кері ұғымы – рия, ықыласты қалыптастыру рияны жою арқылы жүзеге асады. Рияның діни мағынасы дүнияуи пайдаға кенелу мақсатында амал етуді және әрекетін әдейілеп адамдарға көрсетуді білдіреді де, оның шариғаттағы үкімі мейлінше қатаң болып келеді. Біздің сөз басында келтірген кесел келеңсіздіктер бұл дүниені мақсат еткен адамдардың риясына жатады және бұл құбылыс әлеуметтік өмір мен руханияттың әр саласындағы – басқару мен бағынудағы, саясат пен құқық қорғаудағы, ғылым мен білімдегі, әдебиет пен өнердегі, мәдениет пен спорттағы берекесіздіктердің орын алуына ықпал етіп отыр.
Қорыта айтқанда, қоғам жекелеген адамдардың әлеуметтік бірлестігі болғандықтан, бәрінің игілігі әркімнің игілігінен құралады. Әркім үйде де, түзде де бір мінезді болып, өз-өзін есепке алып, өз адамгершілік болмысына сай болып, жан-жағына жағымды қарап, риядан арылуға тырысуы тиіс. Сонда ғана осы шақтағы ортамыз толып, болашағымызға деген сенім мен үміт болады.
Бақытжан САТЕРШИНОВ,
философия ғылымдарының докторы, профессор
Қайнар көзі: muftyat.kz
Тегтер: Бақытжан Сатершиновихсан
Бөлісу4Твитерге3Бөлісу1Бөлісу

Ұқсас мақалалар

Жаңалықтар

Бас мүфти Ихсан туралы насихат айтты

11.12.2021
Сұхбат

Мұхитдин ИСАҰЛЫ: Иман сақтауға қорықпас жүрек керек

13.11.2021
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Сыр сақтаған сахабалар

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Көп қаралғаны

  • Зул-хиджа айының артықшылығы

    151 рет бөліскен
    Бөлісу 60 Твитерге 38
  • Исламның 5 парызы – Ибраһимнің (а.с.) 5 қазынасы

    2406 рет бөліскен
    Бөлісу 962 Твитерге 602
  • Шек беру шариғатта бар ма?

    181 рет бөліскен
    Бөлісу 72 Твитерге 45
  • Төрт мәзһаб – ислам

    1454 рет бөліскен
    Бөлісу 582 Твитерге 364

Соңғы жарияланымдар

«Қабірімді көргім келеді»

02.07.2022
0
«Қабірімді көргім келеді»

Толығырақ оқу

Еліміздегі діни делегация АҚШ-қа жұмыс сапарымен барды

01.07.2022
0
Еліміздегі діни делегация АҚШ-қа жұмыс сапарымен барды

Толығырақ оқу

Діни буквализмнен сақ болайық

01.07.2022
0
Діни буквализмнен сақ болайық

Толығырақ оқу
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

 

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2022 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Бастапқы бет
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Сауалнама
    • Кітапхана
  • Жоба туралы
  • ҚАЗ
    • ҚАЗ
    • РУС

© 2022 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіге кіріңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы аты немесе электрондық пошта мекенжайын енгізіңіз.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00