KAZISLAM – Сербия шииттік «Хезболла» қозғалысын террористік ұйым деп тану ниетімен жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Бұл туралы жексенбі күні Сербия президенті Александр Вучич өзінің Twitter-дегі парақшасында АҚШ мемлекеттік хатшысы Майкл Помпеоның мәлімдемесіне жауап бере отырып жазды, деп хабарлайды ТАСС .

 «Біздің мақтан тұтатын ата-бабаларымыздың ізімен Сербия ел ішінде де, шетелде де бейбітшілікке төнетін барлық қауіп-қатерлерге қарсы күресті жалғастыруда. Қымбатты дос Помпео, біз бейбітшілік пен тұрақтылыққа ұмтылатынымызды және сол арқылы жалпы әлемдік қауіпсіздікке үлес қосатындығымызға сенімді болыңыз», -деп жазды Сербия басшысы.

Бұған дейін Помпео Сербияның «Хезболланы» толықтай террористік ұйым ретінде тізімге енгіземіз деген хабарламасы террористік ұйымның қаржы жинау және аймақта жұмыс істеу мүмкіндігін одан әрі шектейтінін жазған. Мемлекеттік хатшы бұл шешімді «Сербия президенті Александр Вучичтің тарапынан тамаша қадам» деп атады.

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ:  Меценат отбасының сыйы

Мемлекеттік департаменттің хабарлауынша, «Хезболланы» қара тізімге енгізу ниеті Белград пен Приштина арасындағы экономикалық қатынастарды қалыпқа келтіру туралы келісімнің шарттарының бірі болды. 4 қыркүйекте Сербия президенті Александр Вучич пен танылмаған Косовоның премьер-министрі Авдулах Хоти бұл құжатқа Ақ үйдің Сопақ кеңсесінде АҚШ президенті Дональд Трамптың делдалдығы арқылы қол қойды. Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, келісім, атап айтқанда, инфрақұрылымды қоса алғанда, бірлескен жобаларға 13 миллиард доллар инвестиция құюды көздейді.

Бұған дейін Помпео ЕО елдерін «Хезболла» қозғалысына байланысты адамдардың кіруіне тыйым салуға шақырған. Мұндай қадамға бұған дейін Литва барған. Сыртқы істер министрлігінде атап өткендей, ел сол арқылы«Хизболлаға» қатысты осындай ұстанымды бөлісетін Ұлыбританиямен, Германиямен, Нидерландымен және АҚШ-пен ынтымақтасады.

Пікір жазу