Нұр-Сұлтан. 21 мамыр. KAZISLAM – ҚМДБ-ға қарасты «Халал Даму» сертификатын алған шұжық шығарушы кәсіпорындар саны 41-ге жетті, – деп жазады muftyat.kz. 

Ал халал сертификаты берілген шұжық өнімдерінің ұзын саны 1000-ға жуықтады.

– «Халал Даму» ұйымының сертификатын алған шұжық өнімдерін басқа өнімдерден ажырату үшін төмендегі кәсіпорындардың аты мен мекен-жайын білсеңіз болды, – дейді мамандар.

Миллиондаған тұтынушылардың сеніміне ие болған «Халал Даму» ұйымының сертификаты берілген 41 шұжық шығару кәсіпорынның тізімін осы сілтеме арқылы көре аласыз.